«Таза Қазақстан»: Жезқазғанда сенбілік өтті

Сабина Асқарқызы

  • 29.03.2025

Бүгін Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында экологиялық тазалықты насихаттауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды  Malim.kz.

Аталған шараға 8 000 астам адам қатысып, 80 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 700 тонна қоқыс қаладан шығарылды. Қалалық полигон сенбілік барысында жиналған қалдықтарды тегін қабылдады.

Сондай-ақ сенбілікке 300-ден астам ұйымның, мекемелердің және шағын және орта бизнес өкілдерінің еңбек ұжымдары белсене атсалысты.

Айта кетейік, Ұлытау облысы бойынша 700 ұжымнан 15 000-ға жуық адам, 173 арнайы техника жұмылдырылып, мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Ұлытау облысының әкімдігі сенбілікке қатысқан барлық тұрғындарға, мекеме қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге және еріктілерге қаланың тазалығына қосқан үлестері үшін алғысын білдіреді.

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

01.05.2025

Жезқазған мен Сәтбаев әкімдіктері заңсыз ағаш кескен

26.04.2025

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

24.04.2025

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

23.04.2025

Ұлытауда "Ұлттық киім – ұлт бейнесі” атты киім фестивалі өтті

18.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

Жезқазған мен Сәтбаев әкімдіктері заңсыз ағаш кескен

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

Ұлытауда "Ұлттық киім – ұлт бейнесі” атты киім фестивалі өтті

17 сәуірде Жезқазған қаласында "Ұлттық киім – ұлт бейнесі" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киім үлгілерінің фестивалі табысты өтті

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды