Қызылордада демалыс саябағында кең көлемді сенбілік өтті

Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қызылорда қаласындағы Денсаулық жәнедемалыс саябағында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ауқымды шараға облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркейтілуіне өзүлестерін қосты.
Шара барысында саябақтың барлық аумағы қамтылып, қоқыс жиналды, ағаштардың түбі қопсытылып, жасыл желектер суарылды. Сенбілікке қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап cынған ағаш бұтақтарын жинады. Сонымен қатар, жас көшеттер отырғызылып, гүлзарлар ретке келтірілді. Бұл жұмыстар саябақтың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы демалыс орнының қалыптасуына ықпал етті.
Жастар белсенділері сенбілік кезінде экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Олар қоршаған ортаның тазалығын сақтау әразаматтың міндеті екенін, мұндай іс-шаралартек сенбілік күндері ғана емес, күнделіктіәдетке айналуы керектігін атап өтті.
Шараға қатысушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер ұжымдық рухты көтеріп, адамдарды біріктіріп қана қоймай, экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді.
Сонымен қатар, қатысушылар бұл игі бастама жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып, жаңа буынға үлгі боларына сенім білдірді.
Дүниежүзілік тазалық күні аясында өткенсенбілік қоршаған ортаны қорғау, табиғаттыаялау, қаланың санитарлық жағдайынжақсарту бағытындағы тұрақты жұмыстың бірбөлігі саналады. Осындай іс-шаралар арқылықоғамда экологиялық жауапкершілік күшейіп, туған өлкені қорғауға деген сүйіспеншілік арта түседі.
Фото: Қызылорда әкімдігі