457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлытау облысы қоныс аударушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Ұлытау облысы мемлекеттік қолдау шаралары арқылы елдің түрлі аймақтарынан қоныс аударушыларды қабылдауға дайын. Бағдарламаға Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Жетісу облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қатыса алады.

Қаржылай қолдау: Өңірге көшіп келген әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК (257 240 теңге) көлемінде біржолғы субсидия қарастырылған. Бұған қоса, бір жыл бойы ай сайын 117 960 теңгеге дейінгі тұрғын үй жалдау ақысы мен коммуналдық шығын өтеледі. Ал жеке тұрғын үй сатып алған жағдайда, оның құнының 50%-ы (4,5 млн теңгеден аспайтын) өтемақы ретінде төленеді.

Жұмыс орындары: Қазіргі таңда облыста 1000-нан астам бос жұмыс орны бар. Олар білім беру, денсаулық сақтау, IT және телекоммуникация, мәдениет, спорт, өнеркәсіп салаларына, сондай-ақ жұмысшы және біліктілігі жоқ мамандықтарға арналған.

Даму бағыттары: Ұлытау өңірі тарихи-мәдени мұраларымен ғана емес, сонымен бірге заманауи инфрақұрылыммен, әлеуметтік нысандар құрылысының қарқынымен және кәсіпкерлікке жасалып жатқан жағдайларымен ерекшеленеді.

Медицина қызметкерлеріне қолдау: Ауылдық елді мекендерге және облыс орталығына кемінде бес жылға жұмыс істеуге баратын медицина және фармацевтика қызметкерлеріне 5–8 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек ұсынылады.

Толық ақпарат алу үшін 8 708 717 0233 нөміріне хабарласуға болады.

Бағдарламаға қатысуға өтініштер онлайн түрде Migration.enbek.kz порталында қабылданады. Қосымша мәліметті 8 708 070 0607 және 8 707 918 98 06 нөмірлерінен білуге болады.