457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде "Қазақстан балалары" бағдарламасы әзірленбек

Елімізде алғаш рет ауқымды "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасы әзірленуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы шеңберінде елімізде әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланған шараларды біріктіретін "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасын жасақтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Балаларды қорғау күніне орайластырылған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

​Аталған бағыттағы жұмыс Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Парламент депутаттарымен және азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуымен жүргізілуде.

​Бұл мемлекеттің, ата-аналардың, педагогтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік қызметтер мен ҮЕҰ өкілдерінің күш-жігерін біріктіретін Қазақстандағы алғашқы кешенді бағдарлама болады. Қазір біз балалық шақты қорғау саласында жасалған барлық істерді - нормативтік құжаттардан бастап нақты жағдайларға дейін - ненің тиімді екенін және қай тұстарын қайта қарауды қажет ететінін түсіну үшін мұқият талдап жатырмыз. Сондай-ақ статистиканы зерттейміз, себебі әрбір санның артында баланың тағдыры тұр, - деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

​"Қазақстан балалары" бағдарламасы өскелең ұрпақ мүддесіне бағытталған тұрақты және дәйекті мемлекеттік саясаттың негізіне айналады. Оны іске асыру елдегі әрбір баланың құқықтары мен дамуын жүйелі қорғау үшін берік іргетас қалайды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі