Мемлекет басшысы министр Саясат Нұрбекті қабылдады

Қазір 8 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатыр

Malim Админ

  • 19.07.2024

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президент Қ.Тоқаевқа аталған салаларды дамытуға арналған бірқатар бастама мен жобаларды таныстырды.

Мәселен, елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылды.  Сондай-ақ, шетелдік серіктестермен аймақтардағы мемлекеттік университеттерді халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.

С.Нұрбек биыл студенттерге қаржылай қолдау көрсетудің жаңа тетіктері енгізіле бастағанын жеткізді. Олардың қатарына «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын, жеңілдетілген білім беру несиесі мен дифференцияланған гранттарды жатқызуға болады. Аталған шаралар халықтың барлық санатына жоғары білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Министрдің айтуынша, жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалуда. Қазір 8 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатыр. Цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған. Биыл жасанды интеллект саласында мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 стипендия бөлу жоспарланып отыр. Кездесу соңында Мемлекет басшысы жатақханалар салу, жоғары білім мен ғылым инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Фото: t.me/aqorda_resmi 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

23.05.2025

Білім беру реформалары еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырады

22.05.2025

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама құру ұсынылды

21.05.2025

Инклюзивті қоғам: 108,9 мың адам жұмыспен қамтылды

21.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Білім беру реформалары еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырады

3 1000-нан астам мектеп цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалана бастады

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама құру ұсынылды

Инклюзивті қоғам: 108,9 мың адам жұмыспен қамтылды

Инклюзивті кабинеттер ашу мәселесі де маңызды міндеттердің бірі

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады