Алматыда 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады

Құжат қабылдау 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді

Арман Қайыпхан

  • 22.07.2024

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында «Алматы жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға қажетті жеңілдетілген несие алу үшін 35 жасқа дейінгі жастардан өтінім мен құжат қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды,- деді Алматы қаласының әкімдігі.

Бағдарлама аясында несие беру шарттары:

• Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
• Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
• Бастапқы жарна – 10%;
• Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
• Қамту – ең кемі 1200 адам.

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2. Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;
3. Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
4. Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы.
5. Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша жалдаушылары (2019 жылы желтоқсан).

Фото:depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды