Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама құру ұсынылды

Сұлу Бөлек

  • 21.05.2025

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров ауылдық және моноқалалардың тұрғындары үшін жаңа ипотекалық бағдарлама жасау қажетін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Қазіргі жағдай

Бүгін Мәжіліс отырысында Сайыров депутаттық сауал жолдап, 2024 жылы "Отбасы банк" ауылдық жерлерде алғашқы және екінші деңгейлі тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ жеке тұрғын үй салуға бағытталған "Асыл мекен" пилоттық бағдарламасын іске қосқанын еске салды.

Бұл жобаны жүзеге асыруға банк 2 миллиард теңге бөлген. Бағдарламаға қатысуға "Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша кезекте тұрған азаматтарға басымдық берілген. Қарыздың ең жоғарғы сомасы — 10 миллион теңге.

"Алайда бағдарламаның тиімділігіне қарамастан, ол жалғасын таппады — қаржыландыру тоқтатылды. Осылайша Президенттің "Отбасы банк" қызметін аудандар, моноқалалар және ауылдық елді мекендерге бағыттау туралы тапсырмасы нақты іске асырылмады", — деді Сайыров.

Не ұсынылады?

Мәселені шешу үшін депутат "Асыл мекен" бағдарламасының қаржыландыруын арттыруды, оны бүкіл ел бойынша тұрақты жүзеге асыруды, шағын қалаларды қамтуды және республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлуді ұсынды.

"Сондай-ақ ауылдық жерлерге бейімделген ипотекалық өнімдерді әзірлеу, ауыл, моноқала және шағын қала тұрғындарына арналған жылдық мөлшерлемесі 5 пайыздан аспайтын, бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталатын жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жасау қажет. Әлеуметтік осал топтар үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау керек. Сондай-ақ "Бірқабатты Шығыс" (ШҚО) және "Жерұйық" (Жетісу облысы) жобаларының сәтті тәжірибесін пайдалана отырып, әкімдіктермен бірлесіп бағдарламаларды жүзеге асыру қажет", — деп атап өтті Сайыров.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда олигархтардан қайтарылған қаражатты ипотекаға бағыттау ұсынылған болатын. Мұндай ұсынысты депутаттық сауалында Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев айтқан. Ол елге қайтарылған 50 миллиард теңге заңсыз алынған активтер туралы сөз қозғады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

19.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025
MalimBlocks
Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

Таразда депутат соққыға жығылды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты