457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда жасанды интеллектіні пайдалану туралы жаңа заң қабылданды

Заң жобасы ЖИ арқылы құпия ақпараттың таралуына шектеу қояды

Мәжіліс депутаттары жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдануды реттейтін заңды қабылдады. Құжатта адам құқығын қорғау, ашықтық және ұлттық құндылықтарды сақтау басты басымдық ретінде белгіленген, деп хабарлайды Malim.kz.

Заң жобасы ЖИ арқылы құпия ақпараттың таралуына шектеу қояды, эмоцияны талдауға тыйым салады және дипфейктерді міндетті түрде белгілеуді талап етеді.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, жасанды интеллект құқық субъектісі болып саналмайды. Барлық жауапкершілік оны пайдаланатын тараптарға жүктеледі.

“Заң жобасында жасанды интеллектіні қолданудың негізгі этикалық қағидалары бекітілді. Олардың қатарында – адам құқығын басымдыққа алу, еңбек қауіпсіздігі және ашықтық бар,” – деді депутат.

Сонымен қатар, ЖИ негізінде жасалған тауарлар мен қызметтер ұсынылған кезде тұтынушыларға бұл туралы алдын ала ескерту міндеттелмек.

Фото: жасанды интеллект