Көшпенділер ойындарының бағдарламасын қайдан көруге болады?
Дүниежүзілік шара үш түрлі бағдарламадан тұрады
Астанада бүгін, 8 қыркүйекте басталатын 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үш түрлі бағдарламаға бөлінген, деп хабарлайды Malim.kz.
Ондағы Спорттық бағдарламалар кестесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Ғылыми бағдарламалар кестесі мұнда.
Мәдени бағдарламалар кестесі мына сілтемеде.
Спорттық бағдарламалар кестесі бүгін, 8 қыркүйекте Мажар стилінде Жамбы ату сайысынан басталады. Ғылыми бағдарламалар ертең, 9 қыркүйекте Ұлттық мұражайда «Көшпенділер: тарих, білім, тағылым» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясынан басталады. Ал мәдени бағдарламалар кестесі 6 қыркүйекте «Бірлік керуені» шарасынан басталған.
Жалпы, 8-13 қыркүйек аралығында өтетін додада 21 спорт түрінен, соның ішінде ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі интеллектуалдық ойындар, жауынгерлік өнер сайыстары, дәстүрлі садақ ату, ұлттық құсбегілік, халық ойындары бойынша жарыстар өтеді. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Фото: worldnomadgames.kz