Көшпенділер ойындары бюджетке 300 миллион теңге пайда әкелді

Дүбірлі доданы 250 000 көрермен тамашалаған

Мадина Қайнарова

  • 19.09.2024

Қазақстан Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 млн теңге пайда тапты. Бұл ойындарды ұйымдастыруға кеткен қаражаттан 20 есе аз.

Айта кетсек, Көшпенділер ойынын өткізуге 5,7 млрд теңге қаражат жұмысалған болатын. Бұдан да көп қаражат жұмсалуға тиіс еді, бірақ су тасқынына байланысты шығын екі есе азайтылды.

Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, ойындарды 250 000 көрермен тамашалаған.

Жалпы қыркүйектің екі аптасында елімізге 597 мың шетелдік турист қонақ болып қайтқан. Мұндай көрсеткішке Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Димаш Құдайбергеннің концертінің өтуіне байланысты қол жеткізілген. Бұл шараларға 89 елден көрермен тартылған.

- Шетелдік қонақтар негізінен Қытай, Үндістан, Түркия, Германия және АҚШ елдерінен келді. Мысалы, Қытайдан 33 мың, Үндістаннан – 6 мың, Германиядан – 4 мыңнан астам, АҚШ-тан – 2 мыңға жуық турист келді. Бұл көрсеткіштер Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, - деді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Сондай-ақ ол Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Моңғолия және Ұлыбританиядан да біршама турист келгеннін айтып өтті.

Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025
MalimBlocks