freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы тұрғындарына тауға шықпауға кеңес берілді

Қоғам
Алматы тұрғындарына тауға шықпауға кеңес берілді
Фото: ТЖМ

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын 4-5 шілде күндері тауға барудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, қалада қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ екпіні секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел соғады.

Ал Іле Алатауының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, бұршақ және екпіні секундына 23-28 метрге дейін жететін жел күтіледі. Қатты жауын-шашынға байланысты сел жүру қаупі сақталады.

Осыған байланысты құтқарушылар азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді. Атап айтқанда, автокөліктерді ағаштардың астына қалдырмау, берік бекітілмеген құрылымдардың маңында жүрмеу және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалау ұсынылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу