«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай III кезектен тыс съезді шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.
Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, съезд 2026 жылғы 10 шілдеде Астана қаласында өтеді.
Қазір съезге дайындық жұмыстары басталған. Іс-шараға партия делегаттары, өңірлік филиалдардың өкілдері, басшы органдардың мүшелері және шақырылған қонақтар қатысады.
Еске салайық, бұған дейін «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеген болатын.