freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаңтардан бері Астанада 3 мыңнан астам азамат із-түссіз жоғалған

Қоғам
Қаңтардан бері Астанада 3 мыңнан астам азамат із-түссіз жоғалған
ІІМ

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері елордада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына қатысты 3 мыңнан астам өтініш тіркелген. Балық аулауға немесе серуендеуге шығып, түрлі себептермен байланысқа шықпай қалған азаматтарға қатысты жағдайлар жиі кездеседі екен, деп хабарлайды Malim.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жоғалған жандардың жүрген жерін анықтау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттары маңызды көмек көрсетеді. Дрондар жер үстінен іздестіру қиын немесе мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Нақты айтқанда, су айдындарында, қамыс қалың өскен аумақтарда, орман белдеулерінде, батпақты жерлерде, сондай-ақ қалалық бейнебақылау жүйесі қамтымаған аумақтарда пайдаланылады. 

Мұндай жағдайларда дрондарды пайдалану іздестіру жұмыстарын едәуір жеделдетеді әрі уақытты қысқартады.

«Дрондар жетуі қиын жерлердегі іздеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бірқатар жағдайда әуеден жүргізілетін мониторинг із-түзсіз жоғалған адамдарды табуға немесе олардың болуы мүмкін аумағын нақтылауға ықпал етеді», делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу