freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Домбыра және дәуір» көрмесінде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

Қоғам
«Домбыра және дәуір» көрмесінде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбеде Ұлттық домбыра күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ халқының басты музыкалық аспабының тарихи, рухани және мәдени маңызын танытатын «Домбыра және дәуір» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Асхат Шахаров, Қазақстанның Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, ардагерлер, музыканттар, қолөнер шеберлері, музыка оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Қонақтар қазақ музыка өнерінің тарихын, домбырашылық дәстүрдің дамуын және ұлттық мәдениеттің көрнекті өкілдерін таныстыратын бірегей музей жәдігерлері қойылған «Домбыра және дәуір» көрмесінің экспозициясымен танысты.


Көрменің басты мақсаты – домбыраның тарихи, рухани және мәдени мұрасын насихаттау, дәстүрлі музыка өнерін сақтау және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.
Экспозицияда белгілі күйшілер Балтұрсын Сарыбаева, Айса Шәріпов, Бақыт Басығараев, Момын Байғанин, Қазақстан Республикасының халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, ақын Бәкір Тәжібаев, генерал-лейтенант Жансен Кереев, мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек және басқа да танымал тұлғаларға тиесілі домбыралар қойылған.

Көрменің жеке бөлімі белгілі қазақстандық шеберлер Сүндет Нұрымов, Қарамұқан Басшин, Құтым Қасенов, Еркөсай Әбілов, Жетес Жамеков және жас шебер Мұратхан Танатарұлы жасаған ұлттық музыкалық аспаптарға арналған.

«Домбыра және дәуір» көрмесін тамашалап, қазақтың бай музыкалық мұрасымен танысуға 4 тамызға дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінде (Ораз Тәтеұлы көшесі, 3) болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу