freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана, Алматы және Шымкентте алдағы күндері ауа райы қалай өзгереді?

Қоғам
Астана, Алматы және Шымкентте алдағы күндері ауа райы қалай өзгереді?
Фото: magnific.com

Синоптиктер 4-6 шілде аралығына арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады.

Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 4-6 шілде күндері күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+30°C аралығында болады.
Алматыда 4 шілдеде күндіз, 5 шілдеге қараған түні өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. 6 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Ауа температурасы түнде +16…+20°C, күндіз +24…+32°C дейін көтеріледі.
Шымкентте 4 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал 5 және 6 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, +34…+36°C дейін жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу