Бүгін сағат 04:40-та Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ведомство мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісі Тараз қаласында 2 балл болып сезілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.