freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иранда аятолла Әли Хаменеймен қоштасу рәсімі өтті

Әлем
Иранда аятолла Әли Хаменеймен қоштасу рәсімі өтті
Фото: Mohammed Salem/REUTERS

Тегеранда соғыста қаза тапқан Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеймен қоштасудың көпшілікке арналған аза тұту рәсімдері басталды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Хаменейдің табыты «Мосалла» мешітіне қойылып, таң атқаннан бері мыңдаған адам қоштасуға келуде.
Сенбі, 4 шілде күні Иранда соғыста қаза тапқан елдің Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеймен қоштасудың көпшілікке арналған рәсімдері басталды. Мемлекеттік телеарналар Тегерандағы «Мосалла» үлкен мешітінде қойылған табытты көрсетті. Рәсім өтетін жерге таңнан бастап көптеген адам жиналды.
Әли Хаменеймен бірге Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқан оның отбасының тағы төрт мүшесі – қызы, күйеу баласы, келіні және немересі жерленеді.
Иран билігінің мәліметінше, тек Тегерандағы қоштасу рәсіміне 15-20 миллион адам қатысуы мүмкін. Кешенге кіреберісте ондаған қауіпсіздік қызметкері жұмыс істеп жатыр, ал келушілер арнайы рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, 3 шілде күні Тегеранға Қытай, Ресей, Беларусь, Ирак, Түрікменстан және басқа да елдердің жоғары лауазымды делегациялары келді. Ресей делегациясын Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев бастап барды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу