freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаламгер, журналист Жанұзақ Аязбеков өмірден өтті

Мәдениет
Қаламгер, журналист Жанұзақ Аязбеков өмірден өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, 76 жасқа қараған шағында белгілі қазақстандық жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілі, Қазақстанның құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков дүниеден өтті.

Жанұзақ Аязбековтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен барша оқырман қауымға қайғыра көңіл айтамыз, - делінген хабарламада. 

Жанұзақ Аязбеков саналы ғұмырын қазақ журналистикасы мен әдебиетінің дамуына арнап, тағылымды туындыларымен оқырман ықыласына бөленді. Еңбек жолын Қостанай облыстық телерадио комитетінде бастап, өңірлік радио мен баспасөз саласында жауапты қызметтер атқарды.

Кәсіби білімі мен мол тәжірибесін елдік мүддеге жұмсаған азаматтың журналистика мен руханият саласындағы еңбегі әрдайым жоғары бағаланды.
Жанұзақ Аязбековтің жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыр жолы мен артында қалдырған шығармашылық мұрасы ел есінде сақталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу