Тоқаев мемлекетке опасыздық жасау бабымен сотталған ғалымға кешірім берді

2019 жылдың ақпанында оны ҰҚК қызметкерлері мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұстады

Арман Қайыпхан

  • 11.09.2024

Саясаттанушы Андрей Чеботарев Қазақстан Президенті тиісті Жарлықпен қытайтанушы ғалым Константин Сыроежкинге рақымшылық жасағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат саясаттанушының Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"Өткен жаздан бері жақсы жаңалық! Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Рақымшылық мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлықпен белгілі қытайтанушы ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы және профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады. Осыған байланысты оның соттылығы алынып тасталды және ол өз құқығын қалпына келтірді. Жалпы, әділеттілік орнады! Әріптесімізге және тәлімгерімізге зор денсаулық және жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін", – деп жазды Андрей Чеботарев.

Айта кетейік, 2019 жылдың ақпанында оны ҰҚК қызметкерлері мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұстады.
Саясаттанушы сатқындық жасады деген айыппен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Кейін мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған саясаттанушы Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды, алайда сол жылдың қараша айында үкім өзгертілді.

Сот алқасы қосымша жазалардың күшін жою туралы шешім қабылдады.

Бұрын айтылған үкімге сәйкес, оны азаматтығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан мәжбүрлеп шығаруға тура келер еді.

Бұл ретте саясаттанушыға Отанына оралуға тыйым салынуы да мүмкін болатын.

Сот алқасы бұл тармақтардың күшін жойды.

Осы жылдың сәуір айында мемлекетке опасыздық жасады деп 10 жылға сотталған Константин Сыроежкин бостандыққа шықты. Алматы облыстық сотында сотталған Константин Сыроежкиннің бірінші сатыдағы соттың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жеке шағымы қанағаттандырылды. 

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты