Трамп Нобель үшін АҚШ мүддесін сатып кетті ме?

Арман Қайыпхан

  • 04.03.2025

Сарапшы Нұргелді Әбдіғани қазіргі кездегі саяси оқиғаларға пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ президенті Трамптың шешімімен, Украинаға көмек уақытша тоқтатылды.

АҚШ президенті Трамп кеше Зеленскийдің: «Соғысты тоқтату туралы келісімнің ауылы әлі алыс», - деген сөзіне шаптығып: «Бұл Зеленский айтқан ең жағымсыз мәлімдеме болды. Америка бұған ұзақ төзбейді. Менің айтқаным осы еді. Американың қолдауы барда бұл жігіт соғысты тоқтатқысы келмейді», - деп жазды.

Ал бүгін АҚШ-тың вице-президенті Вэнс сұхбат беріп, АҚШ-тың Украинаға көмегі мен бейбіт келіссөздер туралы былай деді: «Трамп Украинаға көмекті тоқтатқан соң, АҚШ бейбіт келісім бойынша Ресеймен бірге жұмыс жасайды. Ең ақырында Зеленский, бәрібір келісімге келеді. Украина бейбіт келісімге дайын екендігін білдірсе, Трамп бірінші болып телефон тұтқасын алатын болады», - деді.

Трамп осыған дейін 2019 жылы Украинаға әскер көмекті тоқтату туралы шешім қабылдаған (бірінші президенттігі кезінде). Оның ақыры Өкілдер палатасы Трампқа импичмент жариялап, Сенат ақтап алған. Бұл жолы Конгресстің қос палатасында да Республикашылар (Трамптың партиясы) айқын басымдыққа ие.

Трамп осыған дейін Украинаға әскери қолдауды 2023 жылы тоқтатқан. Ол кезде Конгресстегі республикашыларды араға салып, әскери көмек пакетін тоқтатқан. Сол кезде Украина 6 ай бойы снаряд тапшылығын бастан кешірген.

АҚШ-тың әскери көмегіне: Қару-жарақ, зениттік зымырандар және негізгі байланыс құралы болып отырған Starlink кешендері. Және ең бастысы – спутниктік барлау мәліметтері.  Bradley ұрыс көліктері, GMLRS зымырандары, Patriot кешендері, HIMARS кешендеріне, артиллериялық қару-жарақтар, Абрамс танктері мен М777 гаубицалары т.б.

Тақырыпқа тұздық: АҚШ президенті Трамп пен оның командаластары Украинаға қысымды арттырып, әскери көмекті тоқтатып жатқанда, Трамптың партияластары АҚШ президентін Нобель сыйлығына ұсынып жатыр екен.

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі, республикашы Даррелл Исса: «Мен бүгін президент Дональд Трампты Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынамын. Бұл сыйлыққа бір лайықды адам болса, ол – Дональд Трамп», - деп мәлімдеді.

Осыған дейін бірде Трамптың өзі: «Мен тарихта бейбітшілік орнатушы болып қаламын» деп сөйлеген еді. Сонымен, Трамп Нобель ала ма, импичмент арқалай ма? Сіз не дейсіз? - дейді срапшы.

Фото: АР

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты