Тұман, көктайғақ, аяз: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жасалды

Арман Қайыпхан

  • 17.12.2024

Синоптиктер ертең, 18 желтоқсанда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел мен бұрқасын соқса, енді бір өңірлерде 27 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Астанада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с.

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты