Жаңа уақыт белдеуі шығыс үшін тиімсіз – депутаттар мәлімдеме жасады

Ел бұрынғы уақыттың қайтарылуын талап етіп жатыр

Malim Админ

  • 06.09.2024

Парламент депутаттары бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады. Өйткені, бұл шығыс аймақтың тұрғындары үшін тиімсіз.  

Депутаттардың мәлімдемесі Мақсат Толықбайдың парақшасында жарияланды.

- Мыңдаған халықтың арыз-шағымына, тілегіне байланысты арнайы мәлімдеме жасағымыз келіп отыр. «Аманат» фракциясының арнайы жиынын өткіздік. Осы жазда өңірлерді аралаған кезде, әсіресе Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында ең көп қойылған сұрақ осы уақыт белдеуіне байланысты болды. Ел бұрынғы уақыттың қайтарылуын талап етіп жатыр. Қостанай, Батыс Қазақстан үшін осы уақыт белдеуі ыңғайлы шығар, бірақ шығыс үшін тиімсіз, - дейді Мақсат Толықбай.

Шығыс Қазақстанда қазір сағат түнгі 2:30-да таң атып қояды. Ауылда адамдар сиырдың мөңірегенінен оянады. Ал кешкі бес-алтыларда тас қараңғы болып күн батып кетеді. Осыған байланысты халық көп шағым айтқан еді.

- Екінші, үшінші ауысымда оқитын балалар бар, олар мектептен қалай қайтады? Көшелерде жарық жоқ. Жер үлкен болған соң уақыт белдеуі алдын ала зерттелуі керек еді: денсаулыққа қаншалықты зиян екені, қанша артық энергия шығындап жатырмыз, - дейді депутат.

Депутат Нұртай Сабильяновтың айтуынша, Абай облысының халқы да осы мәселені көп көтерген.

- Өйткені халыққа қолайсыз, денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан Үкіметтен уақытты қайтаруды талап етеміз, - деді ол.

Алдағы уақытта Парламенттің жалпы отырысында тыңдау өткізілмек. Оған Үкімет мүшелері, ғалымдар, мамандар шақырылады.

- Ұсыныстарыңыз болса айтыңыздар, бірге ақылдасып, Үкіметтің нақты шешім қабылдауына ықпал ететін боламыз, - деді Мақсат Толықбай.

Фото: ortcom.kz

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.