Жітіқарадағы өртте 5 баласы өртеніп кеткен ана сотталды

Арман Қайыпхан

  • 15.01.2025

Аудандық сотта ҚК 292-бабының 3-бөлігімен (абайсызда 5 баланың өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотталушы балаларын қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от салуды тапсырған. Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағады, сондай-ақ пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Нәтижесінде пештегі жалынның жанып, өртке айналуына себеп болды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды. Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді, делінген Жітіқара аудандық сотының хабарламасында. 

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінген.

Сот шешімімен айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында өрт шығып, бес бала қаза тапқан еді.

Артынша 5 баланың өмірін қиған Жітіқарадағы өртке қатысты облыс әкімі мәлімдеме жасаған болатын. 

Фото: Pexels

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.