Жыл жетістігі: Шымкентте “Шахматшылар үйі” пайдалануға берілді

Арман Қайыпхан

  • 24.12.2024

Шымкентте жыл қортындысымен ардагерлер мен қарияларға арналған «Шахматшылар үйі» пайдалануға берілді. Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қабылдауы мен көшпелі кездесулерінде шахматқа арналған арнайы орын салып беру туралы өтінішін білдірген болатын. 

Халықтың пікірін ескерген мегаполис басшысы жайлы ортаны дамыту басқармасына нақты тапсырма берді. 

Бүгін Әл-Фараби ауданындағы Орталық саябақ аумағында шахматшыларға арналған жаңа заманауи ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі, жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен қариялар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңа нысанда бір уақытта 40 адам шахмат ойнай алатын 20 шахмат үстелі орнатылды. Бұдан бөлек қариялардың тиімді уақыт өткізіп, спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимарат толық жылу жүйесімен және электр желісімен қамтамасыз етіліп, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. 
Айта кетейік,  бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілер есебінен салынды.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты