АҚШ президенттігінен үміткер Камала Харрис кім?

Оның мұндай қадамға баруына президент Джо Байденнің додаға қатысудан бас тартуы себеп болған. Бұл туралы NBC News хабарлады.

Malim Админ

  • 22.07.2024

Қазірде демократиялық партия өкілі Камала Харрис АҚШ-тың вице-президенті қызметін атқарады.  

— Президенттің қолдауына ие болғанымды мақтан етемін және жеңіске жету үшін барымды саламын. Демократиялық партияны және елімізді біріктіру үшін, Дональд Трампты және оның «2025 жоба» бағдарламасын жеңу үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін, — деді Камала Харрис.

Камала Деви Харрис 1964 жылы 20 қазанда Калифорния штатының Окленд қаласында дүниеге келген. Өз аталары Ямайка тумалары. Нағашы жұрты Үндістаннан. 

Әкесі Стэнфорд университетінде дәріс оқыған. Анасы қатерлі ісік ауруын зерттеуші ғалым болған. 

Камала 1989 жылы Говард университетін, 1989 жылы Гастингстегі Калифорния университетінің заң колледжін бітірген.

Ол 2003 жылы Сан-Франциско округінің прокуроры, 2011-2017 жылдары Калифорнияның бас прокуроры болып сайланған.

Еске сала кетейік, ол 2020 жылы өткен президент сайлауына Демократиялық партия атынан үміткер ретінде ұсынылған. Дода басталғанша, сайлауға қатыспау туралы шешм қабылдайды. 

2021 жылдан вице-президент лауазымына кіріскен К.Харрис көші-қон, дауыс беру құқығы және түсік тастау т.б маңызды шаруалармен айналысқан.
Фото: AP / Andrew Harnik
 

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды