Ауғанстан: Қазақстан тұрақтылықты қолдайды

Қазақстан Өзбекстанда өткен «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

  • 26.07.2022

 

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бергі уақытта бейбітшілік тұрғысында бірнеше халықаралық бастамалар көтеріп, соғыс өрті тұтанған енмесе қиындыққа тап болған елдерге бітімгершілік күштерін жіберіп, бейбітшілік күштері арасында өз миссиясын атқарып жүрген ел. Бұл тұрғыда Сирия бастап, өзге Африка елдері қостаған, Пәкістан, Ауғанстан секілді елдерде де бірнеше мәрте барып қайтты. Тіпті, Сирияға діни ұстанымы үшін кетіп қалған, қайта алмай, жат елде қалған отандастарымызды қайтару үшін арнайы «Жусан» деген бағдарлама жасап, өз азаматтарын кері қайтарған санаулы елдің бірі. Одан бұрынғы дінаралық татулық, түсіністік сияқты тақырыптарға қатысты да бірнеше саммитке қатысып қана қоймай, Қазақстанда әлемнің барлық діндерінің құрылтайын өткізуі де көп нәрсені аңғартады. Алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тарту және оны болдырмауды насихаттауда да Қазақстанның орны айрықша. Мұның бәрі Қазақстанның әлемдік бейбітшілікке қатысты конвессияда өзіндік орны бар ел екенін білдіреді.

Қазіргі уақытта тәліптердің қолында қалған Ауғанстаннан АҚШ әскері шығарылғалы бүкіл әлемнің көзі осы елде деуге болады. Соңғы жарты ғасырда тынышы кетіп, тынысы тарыла берген бұл елге қатысты әлем елдері әр түрлі ұстанымда. Бірі мұндай елге жоламауға тырысып, екі жақты қарым-қатынастан қашқақтаса, Қазақстан тұрақты түрде гуманитарлық көмек жіберіп қана қоймай, бұл елдегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси тұрғыда шиеленіскен жағдайды түзеу және экономикасын тұрақтандыру тұрғысында да қолдау білдіруден қалыс қалып көрген емес. Бұған қатысты Өзбекстанда өтіп жатқан «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» тақырыбындағы халықаралық конференцияда тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Ауғанстан мәселесі – тек аймақтық, аумақтық мәселе ғана емес, сол себепті бұл конференцияға Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ресей, АҚШ, ҚХР, Үндістан, Иран, Пәкістан сияқты елдер мен ЕО, БҰҰ сияқты ұйымдар мен одақтардың түрлі агенттіктері мен институттарының ресми өкілдері атсалысты. Сондай-ақ, конференция өткізуші Өзбекстан мен тақырыпқа арқау болып отырған Ауғанстаннан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Муттаки арнайы келді.

Қазақстан атынан қатысқан Қазақстан республикасы Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев арнайы сөз сөйлеп, ауған мәселесінде атқарылып жатқан шаруаларды әлі де дамытып, жандандыра түсу керектігін айтты. Бұл мәселеді бірыңғай өңірлік көзқарас қалыптастырып, Ауғанстан жағдайын реттеу үшін БҰҰ-ның атқарар ролін арттыру туралы мәселе көтерген ол бұл конференция туралы:

«Ауғанстанмен геогшрафиялық тұрғыда жақын орналасқан мемлекеттер уақытша үкіметпен етене жақын жұмыс істеу жөнінде ұсыныстар айтылып жатыр. Бұл елді экономиикалық тұрғыда аймақпен тығыз байланысты ету негізгі міндет. Әсіресе энергетикалық, сонымен қатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру көзделген», - деді.

Жиырма мемлекет пен ұйымдар, одақтар қатысқан конференция мұндай кең көлемде алғаш өтіп отыр. Мұнда көптеген елдерде тыйым салынған тәліптер үкіметін мойындау мәселесі емес, бұл елді тығырықтан қалай  тез алып шығу керек деген мәселе күн тәртібіне қойылған. Ауғанстанның тұрақсыздығы Орталық Азия аумағы үшін өте маңызды. Себебі, Ауғанстанмен шектесетін, жақын орналасқан елдер аумақтың тұрақтылығы үшін алаңдайды.

Конференцияға Ауғанстан атынан қатысқан, Ауғанстан уақытша үкіметі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттаки де қазіргі ең басты мәселе тұрақтылық пен экономиканы дұрыстау екенін айтты.

«Ауғанстанның басты мақсаты – экономикалық даму. Орталық және Оңтүстік Азияның дамуын жеделдету. Үкімет Әл-Каида және басқа да лаңкестік ұйымдардың территориямызды пайдаланбайтынына кепілдік береді», - деп, өздерінің кез келген бейбіт қарым-қатынасқа ашық екенін білдірді. Қазақстан қазіргі уақытта Ауғанстанмен ашық сауда жасамағанмен, астық өнімдерімен қамтамасыз ету тұрғысында алдыңғы елдердің бірі.

Конференцияда ауғандарды дағдарыстан құтқаратын жобалардың бірі ретінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орта Азия елдері басшыларының саммитінде ерекше тоқталған «Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» бағытындағы жаңа теміржол мәселесі. Бұл құрылыс туралы сөз бола бастағанда-ақ Қазақстан қол ұшын беруге, белсенді түрде атсалысуға дайын екенін мәлімдеген. Пәкістанға төте жол салынса, жолай Ауғанстанға да қан жүгіртетін бұл жол аумақтық қарым-қатынасты жеңілдететін бірден бір ірі жоба болатыны түсінікті. Жиынға қатысқан өкілдер мен сарапшылар осы жоспардың бәрі ойлағандай жүзеге асу үшін аумақта тұрақтылық орнау қажет екенін, ол үшін Ауғанстанды бүкіл әлем бақылауда ұстап, экономикалық, әлеуметтік тұрғыда қолдау, көмек көрсету бойынша бірлесе қимылдау керек екенін баса айтып, тарасты.

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.