СІМ өкілі Катарда қанша қазақстандық барын айтты

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қатарға сапармен барған Қазақстан азаматтарының санына қатысты айтты.
Әрине, Қатарда Қазақстан азаматтары бар. Құрбан болғандар арасында еліміздің азаматтары жоқ, яғни бұл жағдайға қатысты елшілікке ешкім хабарласпады. Қазір 1,5 мың азамат Қатарда жүргені белгілі. Соның ішінде 516-сы консулдық есепте тұр. Олармен тұрақты байланыстамыз, - деді Әлібек Бақаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салайық, 9 қыркүйекте Израиль Доха қаласына әуеден соққы жасады.
Фото: РИА новости

Ең көп оқылған
