Бас банкир Пірматов инфляцияның не екенін біле ме?

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан ПІРМАТОВ азық-түлік тауарлары мен Бақыт Сұлтановты жақтырмайды екен...

Алмас НҮСІП

  • 12.04.2022

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстандағы инфляция деңгейі туралы есеп берді. Қазақстан шенеуніктерінің түсініксіз баяндамаларына үйренгенбіз, бірақ, бас банкирдің бір «жаңылтпашын» түсіне алмадық. Оның айтуынша, инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары көп «үлес қосыпты».

«Наурызда Қазақстанда инфляция 8,7%-дан 12%-ға дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бері ең жоғары мәнге жетті. Азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосты, олардың өсуі 10,0%-дан 15,4%-ға дейін жеделдеді (бір айда инфляция 5,8%-ға өсті). Орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ бағаларының айтарлықтай өсуі байқалды», - дейді Пірматов.

Мақұл, көрмей жүрген инфляция емес. Теңгенің құнсыздануы, қымбатшылық деген мәселелер осы күні ешкімге жаңалық емес. Оның үстіне АҚШ долларының  435-тен 520 теңгеге дейін барып қайтқаны кеше ғана. Бірақ, мәселе онда емес, мәселе, азық-түліктің инфляцияға «үлес қосқанында» болып тұр. Біздің ойымызша, «үлес қосу» - жағымды мәнге ие сөз. Жақсы мағынада қолданылады. Игі іске үлес қосады. Тіл білмеген соң, солай болған ғой деудің реті жоқ, Пірматов қазақша біледі. Десе де, орыс тілінен дұрыс аудармаған шығар деп, бас банкир баяндамасының орысша нұсқасын ашып көрдік: «наибольший вклад в инфляцию внесли продовольственные товары...» Иә, орысшасы да оңып тұрған жоқ. Яғни, біздің бас банкир инфляцияны жағымды мәнге ие термин деп ойлайтын болып шықты...

Сөйтіп, инфляцияның асқынуына азық-түлік тауарлары көп «үлес қосыпты». «Еңбек сіңірген» азық-түлік түрлері мынау екен:

«Украина мен Ресей Федерациясының арасындағы қақтығыс аясында экспорт көлемінің қысқаруы әсерінен наурызда өсімдік майы (бір айда 23,2%-ға) және дәнді дақылдар (17,1%) бағасының рекордтық өсуі ФАО азық-түлік бағалары индексінің 1990 жылдан бастап ең жоғары деңгейіне алып келді».

Пірматов осыдан екі ай бұрын ғана президент Қасым-Жомат Тоқаевқа: «11 қаңтарды сіздің мәжілісте берген тапсырмаларыңызды іске асыру шеңберінде Ұлттық бан Үкіметпен бірлесіп, 2022 жылы инфляцияны тұрақтандыру үшін ақшакредит саясаты тиімділігін арттыруды және оны 2025 жылдан бастап 3-4 дәлізде тұрақтандыруды жалғастырады», - деген.

Пірматовтың сөзіне қарасақ, таяқтың бір ұшы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа да тиеді. Бақыт Сұлтанов 12 қаңтарда ғана «азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданып» жатқанын айтқан. Ол іс-шаралар қабылданып бітпеген сияқты және ары қарай да қабылдау процесі тоқтамайтын сияқты. Өйткені, бас банкирдің тілімен айтсақ, азық-түлік бұдан былай да бұл бағыттағы «қайраткерлігін жалғастыра береді.  

«Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай тауар жеткізілімі проблемаларының сақталуына, азық-түлік пен шикізат бағасының өсуіне, сондай-ақ теңге бағамының әлсіреуіне және геосаяси тәуекелдердің іске асуына байланысты биыл қолайсыз болады».

 

P.S.: Тоқаевтың биылғы кезектен тыс жолдауынан кейін, әлеуметтік желілерде президент пен жоғары лауазымды шенеуніктердің сөйлейтін сөзін кім жазады және оны қалай оқиды деген тұрғыда біраз сөз болды. Сонда президенттің спичрайтерлері болатынын, ол да бір жауапты лауазым екені айтылған. Көпшілік пікірі Қазақстанда бұл саланың дамымағаны және мемлекеттік қызметтегі нақты дәрежесі белгіленбегені жайлы айтылған. Ұлттық банк төрағасының бүгінгі сөзіне қатысты да осыны айтуға болады. Баспасөз қызметі (спичтерді негізінен солар жазады) шаблондармен, құлаққа жұқпайтын қаптаған статистикамен баяндама жасай берсе, азық-түлік тауарларын және Сұлтановты жақтырмайтын бас банкир инфляцияға әлі талай «үлес қосатыны» сөзсіз.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады