Бауырластық әлде бақылауды күшейту – Тоқаевтың Түркия сапары

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Түркияға ресми сапармен барып, президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Кездесу барысында да, одан кейін де бауырласу, туыстық қарым-қатынас туралы көп айтылды. Бұдан бөлек, екі ел арасында біршама келісімдерге жасалды. Бұл келісімнен кейін Түркияның Қазақстанға әсері күшеюі бек мүмкін. Талдап көрелік.

Ақниет Аманжолқызы

  • 11.05.2022

Кездесу барысында Тоқаев та, Ердоған да екі елдің бауырластығы мен татулығы туралы көп айтты. Ердоған «Қазақстандағы тұрақтылық, тыныштық пен қауіпсіздікті Түркия өз мойнына алуға дайын» десе, Тоқаев «түріктер – қазаққа қиянат жасамаған ұлт» деді. Осы бауырластық туралы басталған сөздер экономикалық, әскери-техникалық, сауда-саттық және басқа да келісімдермен бекітілді. Қос ел делегаттары қол қойған құжаттар қатарында әсіресе әскери саладағы келіссөздерге тоқталайық. Енді екі ел әскери барлау, әскери мұрағат, әскери тарих істерінде өзара серіктес болады. Бұған қоса, түріктердің ANKA әскери ұшақтары өндірілуі мүмкін.

Сәуір айының басында Түркия президенті Өзбекстанға ресми сапармен барғанда ол елмен де осындай әскери келісімге қол қойған. Бұдан бөлек, былтыр Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркияға ресми сапармен барып, түріктердің әскери ұшақтарын сатып алуға келіскен. Аталған үш елдің де осы кезге дейін әскери техниканы тек Ресейден алып келгенін ескерсек бұл Түркияның Орталық Азияға ықпалын айтарлықтай күшейтуіне мүмкіндік береді.

Бұл теорияның тағы бір дәлелі жақында ғана Қарағанды түбінде коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны құйып тарататын фармация қызметі тоқталды. Ал бүгін Денсаулық сақтау министр Ажар Ғиният Алматыда екінші фармзауытты салуға түрік инвесторларын тарту туралы келісімге отырды. 2023 жылдың соңына дейін түрік инвесторлары бұл жобаға 10 миллион доллар құймақ.

Келіссөздер барысында президент Тоқаев «Ресейді айналып өту жолы туралы» сөз қозғады. Қазіргі соғыс жағдайы мен жаппай экономикалық шектеулерді есептегенде бұл серіктестіктің Түркияға пайдасы жоғары. Яғни бұрын Қытайдан басталып, Қазақстан-Ресей арқылы Еуропаға кететін сауда жолын, Орталық Азия арқылы, Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Түркия жолымен ашу сөз болып отыр. Бұл әсіресе Түркияға Қазақстанда еркін сауда-саттық жүргізуге жол ашады. Қазірдің өзінде Түркия – Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесінің бірі. Екі ел арасындағы алыс-беріс жылдан жылға артып келеді. Мысалы, 2021 жылы 5 миллиард долларға жеткен. Бұдан бөлек, Түркия Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының қатарында. Ел экономикасына 4 миллиард доллардан астам инвестиция құйған. Ал салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанның Түркияға салған капиталы – 1 миллиард доллардан асады. Түркияның біздің елде жасап жатқан ірі жобалары қатарында Түркістан қаласының құрылысы мен Алматы әуежайының құрылысын атап ай  туға болады. Ал Қазақстан ол елде мұндай ірі көлемді жобаларды алған емес.

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-саттықты 10 миллиард долларға жеткізу жоспарланған. Дәл осыған ұқсас келісім былтыр Қырғызстанмен де жасалған. Түркия вице-президенті Фуат Октай екі ел арасындағы сауда айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді ұсынып, келісімге қол қойылған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан мен Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері және екі елдің де экономикасы Ресей экономикасына тәуелді. Яғни Ресейде болған әрбір саяси не экономикалық өзгерістер, рубльдің құлдырауына әкелген кезде біздің елдердің валютасы да құлдырайды. Алайда соңғы жылдары Түркияның Орталық Азияға экономикалық ықпалы артып келеді. Түркия мен Ресей тек Орталық Азияда ғана емес, Украинада, Кавказда, Таулы Қарабақта, Сирияда әскери және экономикалық бәсекелестер. Соғыс жағдайындағы Ресей экономикасының құлдырауы осы аймақтарды Түркия ықпалын күшейтуге әсер етеді.

Президент Тоқаевтың Түркияға алғашқы ресми сапары екі күнге созылды. Бүгін ол елге қайтып оралады. Сонымен қатар, осы сапар кезінде ол Ердоғанды Қазақстанға шақырып, күзде Түркия президенті біздің елге келетін болды. Осыған дейін ол Қазақстанға 2017 жылы келген болатын.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар

13.12.2024

Азия чемпионатының ақтық сынында 9 боксшы алтынға таласады

11.12.2024

Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі туристен 224 млрд теңге кіріс келген

09.12.2024

Конькимен жүгіруден әлем кубогінде жасөспірімдер құрамасы қол жүлде иеленді

08.12.2024

Бокстан Азия чемпионаты: Өзбекстанның 11, Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалда

07.12.2024

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

05.12.2024
MalimBlocks
Қазақстанның су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар

Азия чемпионатының ақтық сынында 9 боксшы алтынға таласады

Қазақстандық 7 боксшы Өзбекстан өкілімен жұдырықтасады

Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі туристен 224 млрд теңге кіріс келген

Конькимен жүгіруден әлем кубогінде жасөспірімдер құрамасы қол жүлде иеленді

Кубок жарысы Польшада өтті

Бокстан Азия чемпионаты: Өзбекстанның 11, Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалда

Жартылай финалға соның ішінде 10 боксшы өтті

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

ҰҚК мәліметінше, терроризм мен экстремизмге қатысы бар 84 адам сотталған, 44 адам ұсталған