Бюджет қаржысын игермеген министрлер мен әкімдер
278 миллиард теңгені игермеген

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша министрліктер мен әкімдіктер 278 миллиард теңгені игермегенін мәлімдеді.
«278 миллиард теңге игерілмеген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту министрліктері бюджетті дұрыс игермеген», - деді Жамаубаев.
Жергілікті бюджеттің шығыстары 8,1 триллион теңге. Орындалмаған - 520 миллиард теңге.
«Бюджет дұрыс игерілмеген өңірлер қатарында Астана, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары бар. Игерілмеудің негізгі себептеріне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау, орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау сияқты жайттар болған», - деп толықтырды Қаржы министрлігінің басшысы.
Мемлекеттік бюджетке трансферттерді есептемегенде 12 триллион 427 миллиард теңге сомасына кірістер түсті, жоспар 104,1 пайызға орындалды.
Бұдан басқа, республикалық бюджетке трансферттерді есептемегенде шамамен 8,4 триллион теңге түсті, жоспар 102,2 пайызға орындалды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды