"Ермекбаевтың отставкасы – жауапкершіліктен қашу"

Елнұр Бақытқызы

  • 31.08.2021

Сонымен, отставкаға кетемін деген экс-қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың өтінішін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Арыстағы оқиғадан кейін "халықтан кешірім сұраудың ретін көріп тұрғаным жоқ, бұл табиғи нәрсе" деген Ермекбаев бұл жолы да жұрттан кешірім сұрамады  (Мақала Ермекбаев Тоқаев пен қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрағанға дейін шықты - ред.).  Кетерден бұрын журналистерге берген сұхбатында "министрді кінәлау – надандық...кінәсіз, жазықсыз болсам да, бәріне жауап беремін" деп кесті. Сарапшылар қорғаныс министрінің тергеу аяқталмай тұрып қызметтен кетуін жауапкершіліктен қашу деп бағалайды.

26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылысқа ұласты. Кемі 15 адам қаза тауып, жүзге тарта адам жараланды. Бір адам хабар-ошарсыз.

Ермекбаев апаттың себебі ретінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, диверсия және химиялық реакцияның өздігінен туып, жарылыс болуы тәрізді үш сценарий қарастырылып жатқанын мәлімдеген.

"Бұл –  министрдің кінәсі"

Malim.kz-ге сұбат берген сарапшылар дәл қазір, тергеу бітпей тұрып Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кетуін дұрыс емес деді.

Сарапшы Қазбек Бейсебаевтың ойынша,  министрдің отставкасын жауапкершіліктен қашу деп бағалауға болады.

"Ол – офицер, генерал. Кінәсін мойындауы керек. Өрт сөндірушілерге әскерилер қоймада жарылатын зат жоқ деді. Бірақ жарылыс болды. Демек, бүған әскери адамдар кінәлі. Бұл – осы саланың басында тұрған министрдің тікелей кінәсі", - дейді Қазбек Бейсебаев.

Қазбек Бейсебаев осы салаға тікелей жауапты адам ретінде Ермекбаевтың үстінен іс қозғалуы керек.

"Отставка – жауапкершіліктен қашу. Ол азамат ретінде жауап берсін. Әскерді бейберекетсіздік жайлаған. Әскерде тәртіп болуы керек. Арыстан кейін президент Ермекбаевқа оқ-дәріні жою туралы тапсырма берген. Ал ол Арыстан Таразға неге әкелді? Бұл оқиғаға жалғыз министр ғана емсе, бөлімше командирлері де кінәлі", - дейді Қ.Бейсебаев.

ЖСДП партиясы төрағасының орынбасары Айдар Әлібаев жағдайды жарылысқа жеткізген министр, оның орынбасарлары мен тиісті департаменттер басшыларының жауапкершілігі айқындалуы керек дейді.

"Қазір отставкаға жіберу дұрыс емес. Өйткені осы ведомство осымен жағдайды екінші рет жарылысқа жеткізді. Қоғам алдында ашық тергеу жүріп, оның нәтижесінде парламентте ашық тыңдау өтіп, министр, орынбасарлары мен департамент басшыларының кінәсі айқындалсын. Оқиға себептері жария етілсін. Бұдан былай оқиға қайталанбауы үшін не істеу керектігі айтылсын. Ал қазір министрдің асығыс отставкасының екі себебі бар сияқты. Біріншіден, халықтың ашуын басу. Халық шуламасын деп сүйек тастағандай болды. "Міне, министрді кетірдік, тағы не керек?" дегендей бұл. Екінші себеп, оны жауапкершіліктен құтқармақ. Ол зейнетке шығып, түк болмағандай үйде отыра береді. Қылмыстық жауапкершілікті былай қойғанда, тіпті моральдық жауапкершілікке тартылмады. Бұл дұрыс емес", - деді Айдар Әлібаев.

Арыс оқиғасы неге қайталанды?

Айдар Әлібаев Арыс оқиғасының екі жылдан кейін Жамбыл облысында қайталану себебін мемлекеттік аппараттағы кәсіби деңгейдің төмендігі, біліксіздік пен жемқорлықпен байланыстырады.

"Отыз жыл бойы мемлекеттік аппараттың барлық саласында кері кетушілік байқалды. Мемлекеттік аппараттың басқару тиімділігі жылдан-жылға төмендеп барады, біліксіздік, барлық саланы жемқорлық жайлап бітті. Сайлау нәтижесін бұрмалаудың арты биліктің ат төбеліндей топтың қолында шоғырлануына әкеп соқтырды. Ал нәтижеде бұл адамдардың қолынан түк келмейтін болып шықты", - дейді ол.

Арыстан сабақ алмаудың екінші себебі ретінде сарапшы тергеу мен соттың жабық түрде өтуін атады.

"Арыстан кейін біреулер сотталды дегеннің шет жағасын естідік. Алайда билік пен сотқа сенім жоқ, сондықтан әлсіз немесе кінә арта салған адамдарды соттап, нағыз кінәлілер құтылып кетуі мүмкін. Екі-үш жылдан кейін тағы жарылыс болса, жұрт таңғалмайды. Өйткені жаппай кәсіпсіздік, біліксіздік жайлаған", - дейді ол.

А.Әлібаев қорғаныс министрлігіне жаңа басшы тағайындау ешнәрсе шешпейді дейді.

"Жағдай билікке қалтасын қампайтуды емес, елді дамытуды мақсат ететін, жұрттың өмірін жақсартқысы келетін азаматтар келгенде ғана өзгереді", - дейді сарапшы.

 

Байланысты жаналықтар

Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

22.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

22.10.2024

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

21.10.2024

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

18.10.2024

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

17.10.2024

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

17.10.2024
MalimBlocks
Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралған

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болған

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

Адамзат сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр