«Ештеңе істей алмайсыңдар». Халықаралық іздеуде жүрген журналист мәлімдеме жасады

Дана Орманбаева Қылмыстық кодекстің 174-бабы – ұлттық араздықты қоздыру бойынша іздеуде

Сабина Асқарқызы

  • 02.02.2025

25 қаңтарда қазақстандық журналист әрі продюсер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланған болатын. Арада бірнеше күн өткенде журналист әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мына ұсақ-түйек сарсаңға түскендер егеуқұйрықтар сияқты шырдай жүгіргендерді байқап отырмын. Өздеріңізге мұны қалай елестетесіздер, «аты жақсы мырзалар»? Менен нені тартып алып, қандай жеңіске жеткілеріңіз келеді? Адал есімімді, бәлкім? Ол да мүмкін емес, адамның абыройы, жақсы аты сатып алынған, жалған сот шешімдерінен емес, бала күнінен жиналған адамгершіліктен тұрады. Ақыл-ойы ашық, басты мен қосымшаны айыра алатын, ұрпағына ішкі байлық пен мейірімді жүрек қалдыруды мақсат ететін жандардың алдында менің өз орным бар. Қарым-қатынасымды, ортамды тартып аламын дейсіздер ме?Менің жанымда сүйікті жарым, ғажап балаларым, қайнар бұлақтай таза шынайы достарым бар.Менің әлемімде қарабеттерге, екіжүзділер мен қорқақтарға орын жоқ. Бұл жағынан да қолдарыңнан ештеңе келмейді.

Маған сенетін, бұл сұмдық өтірікке емес, ақиқатқа құлақ асатын, менің қасымда қалатын барлық жандарға алғысым шексіз! – дейді журналист.

Еске салайық, 2024 жылдың сәуірінде Алматы полициясы қоғам белсендісі Дана Орманбаеваның әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ал биыл 25 қаңтарда оны Интерполмен іздеу басталды.

Дана Орманбаева Қылмыстық кодекстің 174-бабы – ұлттық араздықты қоздыру бойынша іздеуде. Тергеу органдары оның орналасқан жерін анықтау жұмыстарын жүргізуде, бұл процеске Интерпол тартылған. Оған қатысты 6 бап бойынша халықаралық іздеу жарияланды, олардың басым бөлігі алаяқтыққа байланысты. Қазіргі орналасқан жері белгісіз. Алайда әлеуметтік желілерде оның БАӘ-де екені туралы ақпарат тарады. Бізде бұған қатысты нақты дерек жоқ, – деді Мәжілістің кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Фото: danapartner/Telegram

Байланысты жаналықтар

Мұсаев: Трамп КСРО агенті

20.02.2025

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

20.02.2025

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

20.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

20.02.2025

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды

20.02.2025
MalimBlocks
Мұсаев: Трамп КСРО агенті

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды