Ішкі саясат. Өткен жыл несімен есте қалды?

Жыл бойы қоғамдық маңызы зор бірқатар заң әзірленді және қабылданды

Malim Админ

  • 31.12.2024

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ішкі саясат тұрғысынан алғанда өтіп бара жатқан жыл несімен есте қалғанын жазды деп хабарлайды Malim.kz. 


Реформаларды жалғастыру

Мемлекет басшысының қаңтар айындағы сұхбаты және Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 2024 жылға арналған ішкі саясат саласындағы жұмыстың күн тәртібі мен мазмұнын айқындап берді.
Жыл бойы қоғамдық маңызы зор бірқатар заң әзірленді және қабылданды. Қоғамдық петициялар институты іске қосылды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Орталық Азия елдерінде алғаш рет атом электр стансасын салуға қатысты референдум өтті. Референдум өткізуді талқылау ең ұзақ саяси науқан болды. Ауыл әкімдерінің сайлауы жалғасын тапты. Ономастика, ескерткіш және геральдика, мемлекеттік және қоғамдық награда салаларын ретке келтіру жұмысы басталды.
Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы мемлекеттік бастамалар дәйекті түрде жүзеге асырылды: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, мектептерде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасы, жас ғалымдарға арналған жаңа гранттар мен тағылымдамалар, жұмысшы мамандардың мәртебесі мен абырой-беделін көтеру.
 
Жаңа сын-қатерлерге жауап
 
Мемлекеттік аппарат сын-қатерлерді және сынақтарды абыроймен еңсерді.
Президенттің саясаты бұрын-соңды болмаған халықаралық шиеленіс жағдайында еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға, Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етті.
Алапат тасқын салдары қысқа мерзімде жойылып, мемлекет барлық зардап шеккен азаматтарға ауқымды көмек көрсетті. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ балалар арасындағы суицидке қарсы күресті үйлестіру үшін жүйелі шаралар қолға алынды.
 
Жаңа қоғамдық этика
 
Жаңа құндылықтардың қалыптасу үдерісі жалғасты. Әділдік, заң мен тәртіп қағидалары мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ұстанымына айналды.
Азаматтық қоғам Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанына, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, агрессия мен вандализм, нашақорлық, ойынқұмарлық және ысырапшылдық секілді кеселдерге қарсы күреске белсенді араласты.
Әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау халық қызу талқылайтын тақырыпқа айналды.
 
Қоғамның жұмыла түсуі 
 
Түрлі тақырыпқа байланысты пікірталастарға қарамастан, жалпы билік пен қоғамның ел болашағына қатысты түсінігі мен көзқарасы ортақ. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жыл соңында өткізген сауалнаманың қорытындысына сәйкес, тұрғындардың 77,7 пайызы мемлекетіміздің даму бағдары дұрыс деп есептейді. Жұрттың қолдауы 2025 жылы да жалғасатын реформалардың берік тірегі болмақ.

Фото: Орда.кз 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады