«Масс-медиа туралы» заң: АҚДМ мен ЕҚЫҰ өкілдерінің кездесуі

  • 27.02.2023

 

Соңғы бір жыл көлемінде «Масс-медиа туралы» заң жобасы аз тылқыланған жоқ. Иә, журналистердің мәртебесін көтеру және олардың өз қызметін атқару бойынша еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Тіпті, қосымша артықшылықтар беру мәселесі осы уаққа дейін ең көп талқыланған заң жобасының бірі деуге болады. Ашық талқылауға да шығарылды, қаншама кездесулер, талқылаулар, отырыстар өтті. Масс медиа өкілдерінің қатысуымен өткен талқылауларда заң жобасының артықшылығы ғана емес, кем кетігі де көп сөз болды. Бұл жағынан министрлік өкілдері кез келген ұсынысқа ашық екенін, кемшіліктерді бірге талқылап, жетіспейтін жерлерін түзей отырып, бекітуге мүдделі екенін бірнеше рет айтты.

Иә, бұл заң ақпарат кеңістігіндегі реформа жүргізуге бағытталған. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының мәндеттемелері мен жауапкершілігі, сондай-ақ мемлекет тарапынан берілетін сөз бостандығы кепілдігі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бұл заңның тек журналистердің деңгейін өсіріп, мәртебесін көтеріп қана қоймай, елімізде салалық журналистиканың дамуына ықпал ететінін бұған дейін де айтып келген. Салалық журналистика жолға қойылса, көптеген салалардағы кемшіліктерді анықтау оңайға түспек. Яғни, журналистік зерттеулер арқылы мемлекеттік құзырлы органдар қай салада не болып жатқанынан хабардар болуға және осы бағытта бірлесе, әріптестікте жұмыс істеуге мүдделі болады деген сөз.

Ақпарат министрі Астанада орналасқан ЕҚЫҰ кеңсесінің басшылығымен кездесуде «Масс-медиа туралы» заңға тағы бір тоқталды. Қазақстандағы медиа индустриясын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайын айтқан министр Дархан Қыдырәлі еліміздің медиа индустриясын кешенді түрде зерделеп жатқандарын, бұл бағыт бойынша ЕҚЫҰ өкілдерімен де ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын айтты.

Еліміздегі ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт қазір «Масс-медиа туралы» заң жобасына және жалпы ақпараттық салады жүріп жатқан реформаларды жоғары бағалайтынын айтып, алдағы уақытта бұл тақырыпта бірлесе жұмыс істеуге, кез келген әріптестікке дайын екенін білдірді. Осы тұста айта кетерлігі, ЕҚЫҰ бағдарламалық офисі бұған дейін де аталмыш заң бойынша пікір білдіріп, талқылауларға белсенді қатысып келеді.

Қоғамдағы ашықтық, еститін үкімет сияқты сөздер соңғы жылдары жиі айтылып қалады. Демек, бұл тарапта атқарылып жатқан жұмыстардың негізі – осы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен бастау алуға тиіс. Себебі, ашықтықтың ең басты шарты – мемлекет саясатына байланысты ақпараттың дер уағында қоғамға жетуі десек, оны жеткізетін масс-медиа өкілдері екені сөзсіз. Журналистерге қолдау білдіріп, олардың өздеріне, яғни, елге керекті ақпаратты кешіктірмей ала алуы бұл тараптағы ең басты жетістіктердің бірі болатыны анық.

Сөзге тұздық ретінде қоса кетуге болатын бір мәселе және журналистер арасында кеңінен талқыланған бастама – заң жобасындағы журналистердің әлеуметтік статусын көтеруге байланысты болды. Яғни, жаңа заңда журналистерге жеңілдетілген несиемен пәтер алуға мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ, баспасөз картасының рөлі туралы көп айтылып жүр. Осыған байланысты, журналистердің пікірін ескере отырып, заң жобасында саланың өзін өзі реттеуіне мүмкіндік беру туралы да арнайы мүмкіндік қарастырылған.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

11.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады