Мемлекет басшысы Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидиді қабылдады

Malim Админ

  • 25.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Бадр әл-Бусаидиге ілтипат білдіре отырып, Оманды Қазақстаның сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі деп атады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейіл екенін жеткізді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Оман екіжақты деңгейдегі, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзара ықпалдастықты дамыта алады. Оған айтарлықтай әлеует бар.

Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдаланып, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариққа сәлемін жолдап, оны елімізге сапармен келуге шақырды.

Қазақстанның Оман мемлекетіне құрметі ерекше. Сіздің еліңізге азаматтарымыздың, соның ішінде кәсіпкерлердің, мәдениет қайраткерлерінің қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан ынтымақтастығымызды жан-жақты және табысты ете түсу үшін оған тың серпін беру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оман сыртқы саясат ведомствосының басшысы қонақжайлық танытқаны үшін Президентке алғыс айтып, бұл екі ел арасындағы өзара құрметтің жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.

Қазақстанның дамуына зор қызығушылықпен қараймыз. Еліңіз бен халқыңыздың игілігі жолында атқарып жатқан ауқымды реформаларыңыз бізді қайран қалдырады. Қазақстан экономикасының өсу қарқыны, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін еліңіздің осы аймақтағы тату көршілік байланыстарды нығайтудағы негізгі рөлі мен ықпалы таңғалдырады. Әділдік пен баршаға ортақ бейбітшілікке, қауіпсіздік пен өркендеуге бағытталған сыртқы саясаттағы ұстанымыңызды жоғары бағалаймыз, – деді дипломат.

Кездесу барысында көлік-логистикалық, ауылшаруашылық, мәдени-гуманитарлық және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы қарастырылды. Сондай-ақ өзара байланыстарды нығайтуға септігін тигізетін екі ел арасындағы тікелей әуе қатынастарын ашу мәселесі талқыланды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бадр әл-Бусаиди өңірлік қауіпсіздікке және көпжақты ұйымдар аясындағы ықпалдастыққа қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Фото: Ақорда  

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады