Михаил Саакашвили 9 жылға сотталды

Сабина Асқарқызы

  • 12.03.2025

Тбилиси қалалық соты Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиге қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оған 3,2 миллион доллар мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылды. Саакашвили 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Экс-президент қазір алты жылдық жазасын өтеп жатыр. Ол бұған дейін тағы екі іс бойынша сотталған. Осы жолы бұл жазасына үш жыл қосып берді. Сөйтіп, жалпы 9 жылға сотталып отыр.

Тергеу мәліметтері бойынша, Саакашвили пиджактарды мемлекет қаржысына сатып алған деп айып тағылған. Ол бұл қаражатты Лондонда қымбат киімдер, соның ішінде жеті пиджак пен кашемир пальто сатып алуға, демалысқа және косметикалық процедураларға жұмсаған.

Одан бөлек, бұл істе Грузияның арнайы күзет қызметінің бұрынғы басшысы Теймураз Джанашия да жауапқа тартылды. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып, 300 мың лари (шамамен 110 мың доллар) көлемінде айыппұл салынды.

Михаил Саакашвилидің жазасы – қамауға алынған 2021 жылдың 1 қазанынан бастап есептелетін болады. Ол бостандыққа 2030 жылдың 1 қазанында ғана шығады. Сонымен қатар 2007 жылғы 7 қарашадағы оқиғаға және шекараны заңсыз кесіп өтуге қатысты істер бойынша сот ісі жалғасуда.

Фото: Ираклий Геденидзе / ТАСС)

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайға қатысады

13.03.2025

Қазақстанның СІМ басшысы АҚШ-тың мемхатшысымен сөйлесті

12.03.2025

Тоқаев Дариға Тілендиеваның қазасына байланысты көңіл айтты

12.03.2025

Президент Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

11.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді

09.03.2025

Нығматулин 12 жылға сотталуы мүмкін

08.03.2025
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайға қатысады

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді

Қазақстанның СІМ басшысы АҚШ-тың мемхатшысымен сөйлесті

Тоқаев Дариға Тілендиеваның қазасына байланысты көңіл айтты

Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиева өмірден өтті

Президент Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу тапсырылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді

Нығматулин 12 жылға сотталуы мүмкін