Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің қалыптасқан жоғары деңгейін атап өтті

Malim Админ

  • 27.01.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын бастаған Қытай елшісі Хань Чуньлинмен кездесті,-деп хабарлайды Malim.kz. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестиция, АӨК, көлік және логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық сала, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды. 
 
 Премьер-министр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы қарқынды және сенімді байланыстар серпінді экономикалық ынтымақтастықтың негізі екенін баса айтты.
 
 Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің қалыптасқан жоғары деңгейін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 9%-ға өсіп, $43,8 млрд-қа жетті. Екі мемлекет басшылары қойған өзара сауда көлемін екі есеге арттыру жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында үкіметтер тауар айналымын әртараптандыруға бағытталған қолда бар әлеуетті кеңейту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты қазақстандық тарап жеткізілетін өнім номенклатурасын одан әрі кеңейтудің, оның ішінде, қытай тарапының астық жүктерін вагондардың барлық түрі бойынша қабылдауын ұлғайту, сондай-ақ ҚХР-ға экспорттаушылар тізіліміне жаңа қазақстандық кәсіпорындарды енгізу арқылы Қытай нарығына қазақстандық астықтың экспортын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
 
Бұдан басқа, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Қытай Қазақстанның 5 үздік инвесторының қатарына кіреді. Бүгінгі таңда 11 мың жұмыс орны ашу арқылы $8,7 млрд-қа 62 Қазақстан-Қытай жобасы іске асырылды, 17,4 мың жұмыс орнын ашатын 13,5 млрд-қа 55 жоба іске асыру сатысында. Жалпы пулға $60,5 млрд-тан астам 222 инвестициялық жоба кіреді.
 
 Сондай-ақ транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ деректері бойынша 2024 жылдың 11 айында Қазақстан мен ҚХР арасында жүк тасымалдау көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, 29,3 млн тоннаны құрады. Жүк тасымалын одан әрі арттыру үшін қазақ-қытай шекарасында жаңа өткізу пункттерін ашу және қолданыстағы өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ шекара маңындағы кеме қатынасын дамыту жөнінде бірлескен шаралар қабылдаудың маңызы нақтыланды.
 
 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық негізгі бағыттары бойынша әріптестікті нығайту және бірлескен жұмысты күшейту ниеттерін растады.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады