Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ – Тоқаев

Президент депутаттарды жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлайтынын айтты

Мәди Саматұлы

  • 03.01.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында елде Парламент сайлауы заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Елімізде мерзімінен бұрын парламент сайлауы бола ма? Бұл туралы қазір жиі айтыла бастады» деген тілші Ерлан Жүністің сұрағына мұндай болжамдардан хабардар екенін айтқан.

Бұл ақпарат әдейі таратылып жатыр деп ойлаймын. Біздің елде жаңа Үкімет жұмысына кіріскен бетте оның отставкаға кететіні туралы әңгіме тарайды. Парламент туралы да дәл солай деуге болады. Мен Парламент депутаттары азаматтық және саяси жауапкершілік танытып, жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын, дейді Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, Үкімет – ауыс-түйіске бейім құрылым. Оның құрамында түрлі жағдайға, оның ішінде «Amanat» партиясының және Парламенттегі басқа да партиялардың ұстанымына байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

Меніңше, Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді. Парламент өзіне тиесілі мерзім аясында қызметін атқаруға құлықты. Ал Үкімет бекітілген бағдарламалар мен жоспарларға сәйкес әрекет етіп, оң нәтижеге жету үшін жұмыс істеп жатыр. Стратегиялық міндет – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің өңірдегі көшбасшы мәртебесін нығайту, деді президент.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

31.01.2025

«Көпке созбайық». Бектенов үкіметі президент тапсырмасын орындауға белсене кірісті

29.01.2025

Ел аумағында халықаралық әуе хабын құру қажет – Тоқаев

28.01.2025

Ашық айту керек, мемлекеттік қызметшілер жауапкершілік алудан тайсалады – Тоқаев

28.01.2025

Бұрынғы ұстанымдар енді жұмыс істемейді – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк жұмысы жайында

28.01.2025

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

27.01.2025
MalimBlocks
Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

«Көпке созбайық». Бектенов үкіметі президент тапсырмасын орындауға белсене кірісті

Үкіметте президенттің кеңейтілген отырыстағы тапсырмаларына байланысты кеңес өтті

Ел аумағында халықаралық әуе хабын құру қажет – Тоқаев

Президент толыққанды экожүйе құру міндеті тұрғанын айтты

Ашық айту керек, мемлекеттік қызметшілер жауапкершілік алудан тайсалады – Тоқаев

Президент мемлекеттік қызметшілердің құлықсыздығы туралы айтты

Бұрынғы ұстанымдар енді жұмыс істемейді – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк жұмысы жайында

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК