Президент Садыр Жапаров «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға қол қойды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Malim Админ

  • 02.04.2024

Жапаров бұған дейін «аталған заңға қол қоймауды өтініп» үкіметтік емес ұйымдар мен олардың шетелдік әріптестері хабарласқанын айтқан. 
«Елімізде жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар 30 жыл бойы еш жерде тіркелмей келді. Ешкімге есеп бермеді. Олар банктен есеп-шот ашып, шетелдік донорлардан ақша алып, өз есептері үшін де пайдаланып келді. Бұдан былай олар басқалар сияқты Юстиция министрлігінде тіркелетін болады. Банк есеп-шотын ашады. Енді олар ашық жұмыс істейді. Осыған дейінгідей бей-беректтік болмайды»,-деді Садыр Жапаров.
Президент сөзінше, үкіметтік емес ұйымдар өздерін қудалап, шетел агенті ретінде ұстайтынын айтып, жалған ақпарат таратып жүр. Жапаров «Донорлар осындай қауесетке сеніп қалып, менен заңға қол қоймауды өтінді»,-деп жазды. Ол 30 жыл шетелдік донорлармен жұмыс істеп, ақша алғаны үшін ешкім қудаланбағанын да алға тартты. 
«Мемлекет басшысы ретінде ешқандай қудалау болмайтынына кепілдік беремін. Біз ядролық мемлекет емеспіз. Ғарышқа да ұшқалы жатқан жоқпыз. Біздің мемлекеттің сіздерден, сіздердің донорларыңыздан жасыратын құпиямыз жоқ. Бізде кез келген ақпаратты ашық дереккөзден табуға болады»,- деді президент. 
Қырғызстандық БАҚ жазуынша, бұл заң қабылданған соң шет елден қаржыланыратын ұйымдар «шетелдік өкілдер» деп аталады. Айта кетейік, Ресейде осыған ұқсас заң қабылданып, шетелден қаржыланатын ұйымдар «иноагент» тізіміне енген еді. Мұндай ұйымдар жылына кемінде бір рет жан-жақты тексеруден өтеді. 


Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады