Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

Malim Админ

  • 24.09.2024

Асхат Жұмағали: еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы есебін тыңдады: 

– жоғары лауазымды тұлғалардың қатысы бар қылмыстардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр; ведомство 2022 жылдан бастап мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 триллион 90 миллиард теңге сомасында мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткенін айтты. 

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 153,3 миллиард теңге аударылған. Осы қаржыға қазірдің өзінде 50-ден астам мектеп ашылған. Сондай-ақ тағы 30 білім ошағын салу жоспарланған; бұған дейін берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады: 

– Агенттік Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесіп, «Цифрлық теңге» платформасы арқылы жүзеге асыратын «ақшаны бояу» жобасын іске қосқан; 

– Президент Жолдауында жүктеген міндеттерге сай жол құрылысы мен ауыл шаруашылығы салаларында сыбайлас жемқорлықты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр; «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына мониторинг жасалып жатқанын жеткізді. Тексеру барысында қаражатты тиімсіз пайдалануға және нысандарды тапсыру уақытын кешіктіруге себеп болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талданады; 

педагогтердің еңбекақы қорынан миллиардтаған қаржы жымқыруға жол берген сыбайлас жемқорлық факторларын жою шаралары туралы айтты: 

– биыл Агенттіктің бастамасымен бюджет процестерін автоматтандыруға, Қазынашылықты білім беру мекемелерінің есеп жүйелерімен интеграциялауға, төлем құжаттарына қол қою кезінде биометрияны пайдалануға бағытталған цифрлық шешімдер енгізілген; 

халықаралық қатынастар, кадр саясаты, нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу процесі секілді ведомствоның басқа да басты бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. 

Мемлекет басшысы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Фото: Ақорда
 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Будапештке жетті

20.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Будапештке жетті

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды