Президент Ұлытау облысының әкімін қабылдады

Malim Админ

  • 05.03.2025

Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылы өнеркәсіп өндірісі 8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 28 пайызға және тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 30 пайызға өскені жөнінде баяндалды.

Облыс әкімінің айтуынша, былтыр өңірге 226 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның 89 пайызы – жеке инвестиция. Жалпы сомасы 940 миллиард теңге болатын инвестициялық пул жасақталды. Биыл құны 138 миллиард теңге болатын 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл орайда құрылыс, сауда, логистика, энергияның балама көздері және туризм салалары инвестиция тартуға айтарлықтай тартымды деп танылған.

Мемлекет басшысына жылыту маусымының барысы және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жайында мәлімет берілді.

Президентке қатерлі өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында бұған дейін берген тапсырмасына сай атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Тиісті шараларды әкімдік Үкіметпен бірлесіп жүргізіп жатыр.

Дастан Рыспеков «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде таяуда болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялармен жұмысты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Облыс әкіміне көлік-логистика әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, сапалы медициналық қызмет көрсету, халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берілді.

Фото: Ақорда

 

Байланысты жаналықтар

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

15.05.2025

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

25.04.2025

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

20.04.2025

Ұлытауда "Ұлттық киім – ұлт бейнесі” атты киім фестивалі өтті

18.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

Ұлытауда "Ұлттық киім – ұлт бейнесі” атты киім фестивалі өтті

17 сәуірде Жезқазған қаласында "Ұлттық киім – ұлт бейнесі" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киім үлгілерінің фестивалі табысты өтті

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.