457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Терроризмді насихаттаған Ұлытау тұрғыны 5 жылға сотталды

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етуге және оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан.

Мемлекеттік айыптаушы сот процесінде дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, айыптауды толық қолдады, - деп жазды Ұлытау облыстық прокуратурадан.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

Фото: pixabay.com