Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Сұлу Бөлек

  • 23.05.2025

Мемлекет басшысы Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартені қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Кездесуде:

Қазақстан мен Жасыл климат қорының ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

еліміз қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде орман қорын сақтау мен көбейтуге, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Қазақстан келесі жылы Аймақтық климат саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – өзекті мәселелердің шешімін бірлесіп іздеу, табиғат өзгерістеріне бейімделу, азық-түлік пен су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мафальда Дуарте:

климат проблемаларын шешуге бағытталған Қазақстанның күш-жігеріне қолдау білдірді;

Ұлттық бейімделу жоспарының орындалуына жоғары баға берді. Табиғат апаттарының тәуекелдерін басқару және ерте құлақтандыру жүйелерін енгізуді қарастыратын аталған жоба Жасыл климат қорының және БҰҰ Даму бағдарламасының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.

Әңгімелесу барысында табиғатты аялау және қоғамның экологиялық мәдениетін жетілдіру маңызды екені айтылды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

23.05.2025

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

23.05.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

23.05.2025

Білім беру реформалары еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырады

22.05.2025

"Жеңіс" клубының директоры Тимур Турсумбаев жаңа қызметке тағайындалды

22.05.2025

Жұмбақ жағдайда мерт болған Ақнәрдің анасы президенттен көмек сұрады

22.05.2025
MalimBlocks
Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Білім беру реформалары еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырады

3 1000-нан астам мектеп цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалана бастады

"Жеңіс" клубының директоры Тимур Турсумбаев жаңа қызметке тағайындалды

Жұмбақ жағдайда мерт болған Ақнәрдің анасы президенттен көмек сұрады