Президентті ұрған адамға қатысты үкім шықты

Malim Админ

  • 11.06.2021

Франция президенті Эммануэль МАКРОНҒА қол көтерген Дамьен ТАРЕЛЬ төрт айға түрмеге тоғытылды. Бұл туралы РИА Новости агентігіне сілтеме жасап Мalim.kz сайты хабарлайды.

Валанса қалалық сотының шешіміне сәйкес Д. Тарель бірден жазасын өтеуі тиіс. Сондай-ақ, екі жыл бойы жұмыс жасап және психологиялық көмек алуы керек. Бастысы заң бұзушылыққа бармауы қажет.

Сот тағы да Тарельге бес жыл қару ұстауына және мемлекеттік қызметте отыруына тыйым салды. Президентті шапалақпен ұрғаны үшін үш жылға азаматтық құқығынан да айрылды. Мемлекеттік айыпталушы он сегіз айға қамауды ұсынған. Сондықтан да адвокат пен прокуратура сот үкіміне қарсы он күн ішінде тағы да шағымдана алады.

Сот барысында айыпталушы президентке қол көтергенін мойындады. Бірақ өз іс-әрекетіне өкініш білдірмеді. Бұл оқиға 10 маусым күні болған еді. Президент өзінің құрметіне жиналып тұрған көпшілікке сәлем бере барғанда Тарель мемлекет басшысын шапалақпен бір тартқан. Бұған қатысты елдегі оппозициялық партиялардың лидерлері пікірлерін білдіріп, айыпталушыны сөккен. Алайда, президент мәселені ушықтырмауды сұрады. Және алдағы уақытта көпшілікпен жолыға беретінін айтты.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады