Қарин құрылтай туралы қандай ой түйді?

Мемлекеттік кеңесші еңбекқорлық, үнемшілдік, қарапайымдылық туралы айтты.

  • 21.06.2022
Screenshot: Erlan Karin YouTube арнасы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Ұлттық құрылтайдың отырысынан туындаған ойлар» деген тақырыпта бейнеролик түсіріпті. 4 минуттан асатын роликте Қарин ұлттық құрылтайды ұйымдастырудан бастап, оған кідмер қатысқанына және не мәселе қозғалғанына тоқталыпты.

Оның айтуынша ұлттық құрылтайдың басты ерекшелігі – оған әр өңірден бір-бір қоғамдық кеңес мүшелері мүше болып кіргені. Өйткені, бұл құрылтай – барлық қоғамдық кеңестердің қорытынды жиыны іспеттес.

Сонымен, Қарин бұл құрылтайдан қандай ой түйеді?

Бірінші ой – біздің мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде;

Екінші ой – ұлтты ұйысуға үндеу;

Үшінші ой – мемлекет мүддесі бәрінен биік.

«Осы орайда мемлекет заң үстемдігін және тәртіптің орнығуын қамтамасыз етуге, қоғамда пікір алуандығын қолдауға және дамытуға, маңызды шешім қабылдар кезде қоғамның ой-пікірін ескеруге дайын екенін көрсетіп отыр. Ал қоғам азаматтық жауапкершілікті дамытуғ, жалаң ұрандар мен саяси авантюризмге ұрынбауға, радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне қарсы тұруға тиіс. Бұл қоғамдық шарт ұлттық жаңа сапасын қалыптастыруды көздейтін болады», - дейді ол.

Бас идеолог еңбекқорлық, абырой-бедел, қарапайымдылық, үнемшілдік сияқты қасиеттерді қалыптастару – жаңа сапаға өтудің критерийлері екенін айта келіп, мемлекеттік тілді дамыту туралы айтады және тілге қатысты туындайтын түсніспеушіліктерді саясиландыруға жол бермейміз деді.

Қарин өзінің 4,2 мың жазылушысы бар YouTube арнасында бұған дейін де реформа туралы орыс-қазақ тілінде бірнеше мәлімдеме жасаған.   

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады