457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.


- Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Сицзан автономиялық ауданы (Қытайдың оңтүстік-батысы) Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша табиғи апат салдарынан 53 адам көз жұмды.

Фото: Ақорда