Ресей пропагандасы - термоядролық қарумен тең

Ресейдің федералдық бірінші каналында жеті жылдан астам жұмыс істеген журналист Сергей Ауслендер Ресей пропагандасын термоядерлық қаруға теңепті. Сондай-ақ,  ол бауырлас халық орыс пен украин арасындағы соғысқа кәсіби қызметін дұрыс атқармаған журналистер де кінәлі дейді.

  • 24.10.2023

Сергей Ауслендерден Украинада жүрген қазақ тілшісі Аида Қыдырбай YouTube каналында сұхбат алған екен, соның бір бөлігін мәтін күйінде назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.  

–Сергей, қазір ақпараттық соғыс қызып тұр. Өзің де сол Ресейдегі федералды қаналда қызмет еттің. Қарапайым оқырман жаңалықтың шын-өтірігін қалай ажыратуы керек?
–Ресейдің мемлекеттік БАҚ құралдары мен ресми өкілдері таратқан барлық ақпарат көздері тұнып тұрған өтірік. Шындыққа жанасатын бірде бір жаңалық жоқ. Украинаға соғыс ашқан, соғысты жүргізіп жатқан алып машина ол – «мемлекет журналистері»,- деп толық сеніммен айта аламын. Өтірікті көп айтқаннан оларда қазір бет жоқ.  «Украина 8 жыл бойы Донбасты атқылады, орыс баласының етін жеді»,- деген желеулері өте көп. Жалпы қазіргі уақытта кез-келген ақпаратқа күмәнмен, сыни көзқараспен қарау қажет.
Өзің де осы арнада талай жыр тер төктің ғой, тапсырма қалай түсетін еді?
– Өзім Ресейдің Қиыр шығысы Приморск өлкесі Владивостоктанмын.  Бірінші каналдың осы өлкедегі меншікті тілшісі болдым. Сол кездің өзінде өңірдегі ауыз су мен жарық, тозығы жеткен құбыр сияқты талай былықты айтпай, тек жақсы жаңалықтарды көрсетуші едік. Мен журналистикаға Путин таққа отырғанда келдім, бастапқыда оны ақырын-ақырын мақтап, кейін жеке басқа табыну басталды. Негізі, Ресей телеарнасы бұрыннан нұсқау бойынша жұмыс істейтін.

Мысалы, белгілі тапсырмалар тізімін Президент әкімшілігі таңертең каналға жіберетін. Онда тіпті тақырыптар тізімі, қойлатын сұрақтар мен жауаптарға дейін көрсетілетін.  Сол кезде біз бұл бөлімді Путин ТВ дейтінбіз. Қазір қалай айтатынын білмеймін. Бұл бөлім Путинге қатысты жаңалықтарды өңдейтін. Бөлімде бес алты адам отыратын.   Бір мысал, 2002 жылы

біз жасайтын жобаға қатысты басшылықтан нұсқау келді. Сол тапсырма бойынша,  қандай тақырып қозғасақ та, шалғайдағы ауылдан, қаладағы мәселені айтсақ та, Ресейдің барлық жерінде қарқынды даму бар дегенді басты назарға шығаруға тиіс болдық. Мәскеудегі орталыққа ауысып келгенде, онда тапсырмамен ғана жұмыс істеу тіпті асқынып кеткенін көрдім. Көрдім де, түңілдім. Сосын, Грузиямен соғыс алдында 2008 жылы жұмыстан шығып, Израильге көшіп кеттім. Себебі Ресейдегі жағдай тым ушығып бара жатқандай көрінді. Көптеген туыстарым, керісінше, маған сенген жоқ. «Қайда барасың?» деп таңқалды.

– Соғысты бастаған Ресей Украинаға не үшін қас?
–Мұны Ресей пропагандасы да түсіндіре алмай жатыр. Украина өз жерін қорғау үшін қолына қару алған болса, Ресей билігінің ресми жауабы жүйеленбеген.
«Денацификация, демилеторизация» деді бастапқыда. Кейін «НАТО-ның шекарасын ұзартпау» деді. Одан кейін «Украина биологиялық қару таратты» деп сандырақтады. Бертін келе Киевтегі басшыларды ұйымдасқан қылмыстық топ, нашақорлар, нацистер» деп айыптады. Негізі Ресей билігі мен орыс БАҚ құралдарын түсінуге тырысудың өзі үлкен азапты жұмыс.
–Бірақ олардың атқарып отырған жұмыстары жойқын ғой?
–Әлбетте! Ресей пропагандасы - термоядролық қарумен тең. Жалпы Путин пропагандасы ресей қоғамына жеңіл жол ұсынушы құрал. «Қазір мына
бандерлерді жеңгеннен кейін, жарқын өмір сүреміз», немесе «Ресейдегі барлық былыққа АҚШ кінәлі» дегендей қойыртпақтың мың түрін ұсынады. Негізгі мазмұн – проблема бізде емес, билікте емес, сыртқы жауда деген сылтау. Міне, осы өтіріктер тізбегі – ресей қоғамын бір жұдырықта ұстап тұр.

–Дегенмен, Путинді қолдайтындар да көп емес пе? Әлеуметтік зерттеулеріне қарасақ, Путинді жақтаушы көп.

–Мұндай зерттеулерге соқыр сеніммен қарауға болмайды. Өйткені Ресейде социалогия  жоқ. Көптеген сауалнама нәтижелері қолдан жасалады.

Путин жалпы халықтық қолдауға иә дегенге күмәнмен қараймын.

Менің ойымша, ресейліктердің көп бөлігі жүріп жатқан соғыспен ісі жоқ.

Айлықтан айлыққа деген қағидамен күн көріп жатқан орыс қоғамында саналы орта жоқ. Әрине, Путинді қолдаушылар да баршылық. Бірақ, олар күні ертең бастарына күн туғанда Путин емес, кез келген Иванды қолдай беретіндер.

–Украинада жалған ақпаратқа қорғаныс иммунитеті қалыптасқан ба? Сондай-ақ, қазақ қоғамы ресейден тарайтын ақпаратқа, жаңалыққа қалай қаруы тиіс?
– Қазақстанның шалғайдағы бір өңірінде тұрмысы орташа жұрт тұрып жатыр делік. Күн сайын олар АҚШ-ты жамандаған хабар көреді делік. Оның тұрмыстағы, өміріндегі бүкіл қиыншылықтарына АҚШ кінәлі болады ғой. Сонда ол айдаладағы АҚШ-тың өзі тұрып жатқан ауылдағы жаман жолға, сапасыз суға не қатысы бар деген сұрақ қоюы тиіс. Болмаса, батысты жамандай беретіндердің алдына « бір бума доллар мен бір бума теңге қойса, жамандаушы қайсысын алады?» деген сұрақ қоюы тиіс.

Фото: Дмитрий Кантер,  mostlv.com