Ресей Тергеу комитеті Мәскеудегі лаңкестікте қаза тапқан 134 адамның жеке басын анықтады

Қаза тапқан басқа адамдардың кім екенін анықтау үшін генетикалық сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мәскеудегі теракт 22-наурызда болды. «Пикник» тобының концертіне келген көрермендерге қаруланған бірнеше адам автоматты қарудан оқ атқан еді. Одан кейін лаңкестер «Крокус» ғимаратын өртеп жіберген. Соңғы дерек бойынша, теркат салдарынан 144 адам қаза тауып, 551 адам зардап шеккен.
Ресейдің күштік құрылымдары жедел іздестіру барысында теракт жасады деген күдікпен 4 Тәжікстан азаматын ұстады. Тергеу-тексеру кезінде тағы да 5 адам терактты ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікке ілініп, қамауға алынды.
Фото: Интернеттен

Самое читаемое
