"Сбербанктің" IT-платформасының артында Машкевичтер тұр ма?

Елнұр Бақытқызы

  • 20.09.2021

Қазақстан ресейлік "Сбербанктің" IT-платформасын 500 миллион долларға сатып алмақ. Бұл соманы Қазақстан "Сбербанктің" өзінен мемлекет кепілдігімен қарызға алады.

Қазақстан үкіметі мен Ресейдің "Сбер" компаниялар тобы қол қойған меморандум мәтіні "Әділет" порталында жарияланды. Меморандумда рубльмен берілетін 500 миллион долларға дейінгі сома Ресей тарапына барлық тиісті құжат берілген жағдайда 2022 жылдың 1-тоқсанына дейін берілетіні жазылған.

Құжатта сонымен қатар Қазақстан тарапынан BTS Digital компаниясы стратегиялық әріптес ретінде көрсетілген.

Меморандум бойынша, 31 қазанға дейін консорциум құрылуы тиіс. Ал 2022 жылдың І тоқсанында цифрлы даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі "ұлттық ақпараттық технолгиялар" АҚ-ның қатысуымен GovTech платформасына қызмет көрсететін үш жылдық келісімшарт жасалады. Бұл келісімшарт кейін ұзартылады.

"Меморандум аясында Қазақстан Республикасы... GovTech платформасын "электронды үкімет платфорасының ақпараттық-коммуникациялық платформасының негізгі бөлігі ретінде бекітеді", - делінген құжатта.

ҚазТАГ ақпарат агенттігі дәл осы бап министр Бағдат Мусиннің egov порталы Ресейге берілмейді деген сөзіне күмән келтіреді деп есептейді.

GovTech платформасының ақпараттық қауіпсіздігі "Мемлекеттік тезхникалық қызмет" АҚ-ға жүктеледі.

IT-платформаға еуразиялық үштіктің не қатысы бар?

Осы күнге дейін меморандум мәтіні жария болмағандықтан, ERG-дің еншілес ұйымы – BTS Digital компаниясы жобаның стратегиялық әріптесі екені көпшілікке белгісіз болған.

BTS Digital-дың жалғыз құрылтайшысы –  Eurasian Digital Ventures I Limited Partnership компаниясы. Бұл компания олигархтар Александр Машкевич, Патох Шодиев пен марқұм Алиджан Ибрагимовтің 35 жастағы ұлы Шухрат Ибрагимов иелік ететін Еуразия тобына (ERG) кіреді.

BTS Digital түрлі цифрлы өнімдер мен сервистер жасап шығарған, олардың қатарында Aitu, aitupay, aitu.city, e‧otinish бар. Алайда Қазақстан тарапынан дәл осы BTS Digital-дың не себепті стратегиялық әріптес ретінде таңдалғаны меморандумда көрсетілмеген.

Экономист Олжас Құдайбергенов әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы алты ай бойы үнсіз отырған BTS Digital осы меморандумды жасауға, тіпті осы Сбер қатысатын осы жобаның басталуына белсенді түрде қатысқан болуы мүмкін дейді.

"Сбер мәселесіне қазақстандық IT-компания қатысы бар деп күттім, бірақ бұл BTS Digital деп ойламадым. Бір ғана қазақстандық серіктес болмауы керек. Көптеген қазақстандық компаниялар қатысуы керек. Платформа беретін компаниямен келісімшартта (Сбер немесе басқа компания болсын) қосымша шығындарды болдырмау үшін жабдық пен лицензияның құнын алып тастауға тиіс. BTS Digital соңғы алты ай бойы үнсіз отырғаны таңқаларлық. Олардың меморандумға серіктес ретінде қатысуы олардың меморандумды дайындаудағы белсенді рөлін көрсетеді. Мүмкін, тіпті Сбердің қатысуымен осындай жобаның басталуында ", - дейді Олжас Құдайбергенов.

Экономист платформаны дамыту үшін 500 млн теңге несие қажет емес, оны әсіресе Сбердің өзінен алудың қажеті жоқ дейді. Оның ойынша, мемлекет келіссөз кезінде күшке ие болуы үшін мұндай жобаларды өз ақшасына іске асыруы керек.

"Елге зияны тиетін саяси шешім"

"Сбербанк" жария акционерлік қоғамының негізгі акционері – Ресей үкіметі. Ресей үкіметі қаржы министрлігі арқылы банктің жарғылық капиталының 50+1 дауыс беруші акциясына иелік етеді. Банктің қалған акциялары миноритарлы акционерлер: 44 пайыз акциясы резидент еместер, 1,92 пайыз акциясы резидент заңды тұлғалар мен 3,71 пайыз акциясы жеке инвесторларға тиесілі.

Ulagat Consulting Group консалтинг компаниясының директоры Марат Қайырленов Ресей үкіметі иелік ететін құрылымға азаматтардың жеке деректері мен мемлекеттік құпияны қолжетімді ету ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп есептейді.

 "Мәселе біз нені беріп, нендей нәрсеге қол жеткізбекпіз дегенге келіп тіреледі. Мемлекеттік платформаны цифрландыру саласында Ресей Қазақстаннан артта қалып қойған. Екіншіден, азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне қатер төндіреміз. Өйткені "Сбербанк" азаматтардың бүкіл операцияларын, қандай активтері бар, ол активтер бойынша қандай операция жасағынын түгел бақылай алады. Үшіншіден, бұл жерде мемлекеттік құпия мәселесі жатыр. Оның үстіне Ресейді АҚШ-тағы президент сайлауына араласты, хакерлік шабуылдар ұйымдастырды деп айыптағаны есте", - дейді Марат Қайырленов.

Марат Қайырленов халықаралық конкурс жарияламай, IT-платформаны "Сбербанк" тобынан сатып алу заңға қайшы дейді.

"Біріншіден, нені қалайтынымызды түсініп алған жөн. Егер электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті функционалы жоқ болса, халықаралық конкурс жариялайық. Бүкіл әлем осы саладағы көшбасшы  – Оңтүстік Корея мен Эстония сияқты елдерді таңдайды. Ал біз артта қалып қойғанды таңдап, түсініксіз шешімдер қабылдап жатырмыз. Шетелге жер сатуға болмайтынын түсінеміз. Бұл да сол сияқты мәселе, біз ақпараттық қауіпсіздікке жататын мәліметтерді Ресейге ұстатқалы жатырмыз. Неге мұндай маңызды шешім үн-түнсіз өзара келісім арқылы шешіледі? Ақпараттық қауіпсіздікті көздесек, ашық халықаралық конкурс өтсін", - дейді сарапшы.

Марат Қайырленов IT-платформаны "Сбербанкке" жасату елге зиянын тигізетін саяси шешім деп бағалайды.

"Бұл жерде IT-платформаны жасатудағы мақсатты түсіну керек. Егер ақпараттық жүйелердің интеграциясын көздесе, бұл мәселенің басқа шешімдері бар. Қазіргі кезде ақпараттық дәліздер бар. Блокчейн технологиясы интеграция мәселесін реттей алады. Мысалы, "Қазақстан темір жолы" сандық көлік дәлізін пайдаланды. "Сбербанк" ақпараттық технологияларға келгенде артта қалып қойған. Сондықтан бұл елге зиянын тигізетін, дұрыс емес саяси шешім", - дейді ол.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Шольц: Украинаға көмекті көбейтеміз

02.12.2024

Үкімет инфляцияны тежеу шараларын жалғастырады

02.12.2024

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

02.12.2024

SIPRI: Дүние жүзінде қару-жарақ сату өсті, Ресей де қалысар емес

02.12.2024

Қытай АҚШ-тан Тайваньға қару-жарақ сатқаны үшін кек аламыз деп қорқытты

02.12.2024

Кошта: Украинаның ЕО-ға кіруіне көмектесеміз

02.12.2024
MalimBlocks
Шольц: Украинаға көмекті көбейтеміз

Германия Украинаға «Леопард» танкілері мен IRIS-T әуе қорғаныс жүйелерін және соғыс дрондарын береді

Үкімет инфляцияны тежеу шараларын жалғастырады

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты

SIPRI: Дүние жүзінде қару-жарақ сату өсті, Ресей де қалысар емес

Табыстың өсуі бүкіл әлемде байқалды және бұл, әсіресе, Ресей мен Таяу Шығыстағы компаниялар арасында қарқынды болды

Қытай АҚШ-тан Тайваньға қару-жарақ сатқаны үшін кек аламыз деп қорқытты

Пекин Вашингтонды Қытай өзінің бүлікшіл провинциясы деп санайтын Тайваньға қару-жарақ жеткізуді дереу тоқтатуға шақырды.

Кошта: Украинаның ЕО-ға кіруіне көмектесеміз

«Біз уақытша басып алынған аумақтарды ешқашан заңды түрде Ресейдікі деп танымаймыз, бұл тек біздің жеріміз», – деді Украина лидері.