«Сенатор Бектаевты осы сөзі үшін қызметінен қуу керек»

Олжас Қасым

  • 23.06.2021

Қазақ шенеуніктерінің сүйікті «масыл» сөзі бұл жолы сенатор, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли БЕКТАЕВТЫҢ ауызынан шықты. Бектаев мырзаға өзін «әлеуметтік мемлекет» деп жариялаған Қазақстанда жәрдемақыға бөлінген 561 млрд теңге көп екен. Айтуынша, халық масылдық психологиямен өмір сүруге бейім.

Үкімет басшысының бұрынғы орынбасары, саясаткер Балташ ТҰРСЫМБАЕВ бұндай сенаторды парламенттің жоғарғы палатасынан қуу керек дейді. 

«Бектаев деген сенаторды халық көп біле бермейді. Саясатпен шұғылданғаннан кейін саясатты жақсы білу керек. Ең әуелі бәрін есептеу керек. Бір адамның қанша жалақы алып жатқанына қарайтын болсақ, ол бүгінгі қымбатшылықта тек он күнге ғана жетеді. Сонда қалған 20 күн ол жартылай аш отыру керек. Ақша тек тамаққа кетеді. Пәтерақы төлеуге, дәрі-дәрмек алуға мүмкіндігі жоқ. Картоп бағасы бес есе, сәбіз бағасы жеті есе өсті. Ал енді адамның жейтін тамағының өзі 7-8 есеге қымбаттады. Ол: нан, картоп, сәбіз, сұйық май, тауықтың жұмыртқасы. Ал енді Бектаев өзі айтып отырған жәрдемақының жарты айға да жетпейтінін байқамайды. Ауыл шаруашылығына субсидия беру керек. Ол үшін жемқорлықты тоқтату керек. Былтыр бюджеттен кронавируспен күреске ақша алды, аурухана саламыз, жеңілдік береміз деді. Ешқандай жеңілдігі жоқ, салғаны үш аурухана. Ақшаны бөліп алғанын сенатор көрмей ме, білмей ме?! Осындай адамдардың пиғылына, білімсіздігіне, адамдарға деген жан ашымастығынан  халық қатты қиналып жатыр. Қандай сенатор ол? Ол  сенаторлықтан өзі кетуі керек, ал өзі кетпесе, оны тағайындаған адамдар сенаторлықтан алып тастауы керек», - дейді Тұрсымбаев malim.kz сайтының тілшісіне. 

Саясаттанушы Әзімбай ҒАЛИДІҢ пікіріне құлақ ассақ сенатор Бектаевтың сөзінде шындық жоқ деп кесіп айта алмайсың.

«Біз әлеуметтік саясаттың принцептерін ұстанамыз. Бірақ тұрмыс төмен. Себебі саяси бәсеке жоқ. Масылдық стереотипті билік өзі тудырып отыр. Билік халыққа мұнайдың ақшасын беріп отыр. Өз қалталарынан шығарып отыр ма екен? Олар өздері сыртта дәулет жинап жатқан шығар. Бізде шенеуніктер қадағаланбайды және жазалай да алмаймыз. Біздің халықтың бір бөлігі масыл. Бұл мұнайлы, газы мен ураны бар елдерге тән. Масылдық психология табиғи байлықтан пайда болады», - дейді саясаттанушы.   

Масылдық жайлы билік 2019 жылы көпбалалы аналар митингіге шыққанда айта бастады. Сол кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екі миллионға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек берген болатын. Бюджеттен 103 млрд теңге бөлінген.

«Өздерінің міндетін дұрыс атқармағандықтан биліктегілер масыл сөзін жиі пайдаланады. Өздеріне айтылған сынға «масыл» сөзін қалқан ретінде тосады. Кешегі совет заманындағы социалистік жүйеде қалыптасқан сананың кесірінен бүгінгі капиталистік, нарықтық қоғамға бой үйрете алмай жүрміз. Халықты мүлдем масыл деп айта алмаймын. Біреуге қол жайып отырған адамды көрмедім. Әркім ілініп-салынып өз күнін көріп жүр.  Халық жағдайымды жаса, азық-түліктің бағасын түсір деп митингілерге шығып жатқан жоқ. Керісінше билік халыққа масыл», - дейді жазушы Есбол НҰРАХМЕТ.  

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.